ВЕРНУТЬСЯ

    Көрікті еді...

қандай сұлу тымык, түн.

Ай жылжыды қайық етіп бұлтты.

Аймен қоса біз де жүздік
көкпенен,

қанат қылып арман менен
үмітті.

Мейлі!..

Мейлі!..

Көлденең көз тергесін,

адал сезім, ақ бесік боп кел,
кешім.

Құшағыма тығыл менің...

Жүзіңді

адам түгіл, аспандағы ай
көрмесін.

Алматының сая бағын...

Төр...

Кешін...

Ғайып мінез ғашық жүрек
тербесін.

Сенің ыстық сезіміңнен түн
балқып,

алпыс екі тамырымды кернесін.

Арман мені алып ұшсын асқарға,

Жырым менің тіл бітірсін
тастарға.

 Махаббатқа тапсырайық тізгінді,

Жүрек барда...

Жалын барда...

Жас барда...

Жыр да, сыр да - сенің бір
тал күлкіңде,

сыйла, күнім, сұлу сезім бір түнге.

құшағында өртенейін, жанайын...

Беу, тамырым!

Бүлкілдеші, бүлкілде...

ақпан, 1977 жыл