ВЕРНУТЬСЯ

  Қоштасар
сәт... Қара көзің қиылған...

Қадалардай
кірпігің.

Лүп-лүп
етіп түнде мынау жиі ұрған

жүрегімнің
кім жамайды жыртығын?!

Ай
ма?

Түн
бе?

Аптығымды
басар кім?

Кім
түзейді тағдырымды бұралған?

Кімнен?..
Қайда?..

Тығылармын?..

Қашармын?..

Қандай
өмір?

Тосар
мені жыр алдан?

Жаңғырық
пен тамшылардан құралған?!

Көше...

Қайың...

Құтқарар кім азаптан?

Қайда
қашып тығылармын өзімнен?

Қоштасар
сәт... Құтқарар кім мазақтан?

Құтқарар кім сенің оттай көзіңнен-

менің
сорлы кезімнен?!

Мөлдір
қара көздеріндей қиылып,

қарс
айырылып, қарайтындай түнгі аспан.

Жүрек...

Жүрек...

Сабайтындай
жиі ұрып

айдынымды
мұң басқан.

Теңселіп
тұр түнгі аспан.

Қоштасар
сәт... Қара көзің қиылған...

Қадалардай
кірпігің.

Лүп-лүп
етіп түнде мынау жиі ұрған

кім
жамайды жүрегімнің жыртығын?!.

желтоқсан,
1968 жыл.