ВЕРНУТЬСЯ

Мен жырдан білмеуші ем басқаны

    Мен
жырдан білмеуші ем басқаны,

сағым
мен сағыныш кешкен ем.

Көктем
кеп... Сезімнің аспаны

қайың
боп шулады кешке өлең.

Қиялап
қиялым бөктерді,

тырнаның
үнінен жас тамды;

көк
белдер жаныма от берді,

көңілде
бір «дауыл» басталды.

Бұлбұлдың таңғы әні -
жүректе,

толқытты
тамырды қан ыстық-

Үй
сырты... Үйеңкі дір еткен

аулада
көктем боп таныстық.

Таныстық
көктем боп көгілдір,

көкжиек
төрінде күз қалды.

Мен осы

    Мен осы

ырза болмай бір ісіме,

мақсатымның

усағы, ірісіне,

бұлқан-талқан боламын өз-өзімнен,

ырза болмай

бүгінгі жүрісіме...

Тұрысыма...

Күлісіме...

Ырза болмай

күндердің бірісіне.

Тамылжыған кештерге -

үкіленген үміттің күллісіне...

Ар дауысы - айбатты...

Құлақ тұнар,

көзді жұмсам,

көңілде сұрақ тұрар,

тоғыз валды,

теңіздей теңселіп кеп,

толқын атып

жағаға бір-ақ құлар.

Басылмастай көрініп дауылым
да,

Кетемін ертең

    Кетемін
ертең,

ауылдан
ертең кетем мен,

жүгім
жоқ ауыр көтерген.

Қоштасып
үнсіз таулармен,

сезіммен
шәлкес от өрген.

Бөктеріп
алып

қуанышым
мен мұңымды,

жалғыз
тал жүгім - жырымды;

сүйместен
алау ерніңнен,

сипамай
қара бұрымды...

Кетемін
ертең,

сағыныш
сазын арқалап,

соңымда
қалып шартарап,

жел
сүйіп қайыс мандайды,

шарфымды
қымтай, шалқалап...

Тоқтатпа
мені!

Жүрегім елеңдейді

   Түн...

қала...

Мұңды ән бір...

Сезімнің бүрін жарғандай.

Аспанның асты - тұнған жыр,

бұлғайды қолын армандай.

Бимәлім, сырлы саз неткен,

жүректі келіп шымшырдай;

қаңқылдап алыс қаз, көктем,

қаңтар аспаны тыншырдай?!.

Қаз үні...

қандай мұңды еді,

қонарға бұта жоқтайын;

жаңғырып таудың шың, көгі,

жабырқайтындай топ қайың.

Батырып ойға қаланы,

жүректің төрі сазады;

талықсып ұзап барады

қоңыр күз бенен жаз әні.

қарыды аяз жүзімді,

Мойындау

    Іздедім...

Сәуір тундеріне сан бардым,

көшені кездім, сандалдым;

тойларда өлең оқыдым,

үйқысын бөліп тандардың.

Адастым...

Жападан-жалғыз мүң кештім,

жүлдыздарменен тілдестім,

қондырып Айды кеудеме,

өзіммен-әзім күн кештім.

Тагаым...

Қуандым, күлдім, жыладым,

ақ қайындардан сүрадым;

ақ үлпа қарды сан кешіп,

алдыңа жетіп қүладым...

19-қыркуйек, 1973-жыл

Страницы