ВЕРНУТЬСЯ

Есіл ер өтті...

    Есіл ер өтті...

Артында қалды баласы,

аңырап
қалда анасы;

жан
жары қалды егіліп,

інісі
қалды -

осы
үйдің жалғыз қарасы.

Мәңгіге
кетті бір адам,

мәңгіге
кетті бір аға...

Қаңырап
қалды бір орда

төсекте
жатып,

тірліктен
қайыр сұраған.

Өксітіп
кетті артын ол,

өкініп
қалды халқы мол;

өгейсіп
қалды құба жон,

өмірден
мынау

үзілді
тағы жарты жол.

Үзіліп
тұрды бір өлең,

Қарашада қамығып шын жүріп ем

    Қарашада
қамығып шын жүріп ем,

ойларымды,
арманымды тонатпай.

Алғашқы
қар!

Жауыпсың
ғой түнімен,

шақырусыз
келіп қалған қонақтай.

Аппақ
әлем...

Жаралғандай
шешеден,

аспан
асты қуанышқа кенелді.

Бар
шаттықты жетелеп ап көшемен,

ару
қыздар шапқыласа жөнелді.

Бара
жатты менің бір топ досым да,

таң
бозынан сабағына асығыс.

Күн
ысыды...

Күлкілердің
қосында,

алғашқы
қар, ерідің сен жасып іш.

Айтылар сөзің көп еді

   Айтылар
сөзің көп еді,

айтқызар
сезім көп еді,

тұп-тұнық еді

тұмадай мөлдір ойың да.

Көгілдір
еді...

Көкпеңбек
еді...

Көк
еді...

Көк
түндей еді

шашылған
жұлдыз-моншағы,

көгілдір
түстің мол шағы

көктемдей еді...

Сезім
де,

сөз
де,

тал
бойың толы бұла қан,

ақтығың
менен пәктігің

Ай
менен аспан сұраған.

Аққайың-тоғай
көзінде:

Махаббат
болып сан күліп,

Түңгі ырғақтар

   -     Жаным, Сені қалай таптым?..

-     Мені іздеген жырларың арқылы...

/Үркер
ауған сәттегі диалогтар/

*
* *

Оңымнан
соққан жел ме екен,

солымнан
соққан жел ме екен,

салғырттау
жүрген кезімде

сабылып
қайдан келді екен?

Жалын
боп жалап өтті не,

өртеніп
кетсем не дермін?!

Жасын
боп түнде көк тіле,

жарқ
ете түссе не етермін?!

Оңымнан
соққан жел ме деп,

солымнан
соққан жел ме деп,

созылып
жатқан белдермен

Мен туған күн

    Мен туған күн... Бүгін отыз
үштемін...

Ашылған жоқ көп қазынам,
күш-кенім.

Ұнамайды кейде өлеңім өзіме,

ұнамайды кейде «кеуіп-іскенім»...

Ұнайтындай не бітірдім мен осы?!

Ойларымның қайраңдап тұр кемесі.

Ырду-дырду... Өтіп жатыр көп
күнім,

жан төрінде - жастық шақтың
елесі.

Қалғандаймын бір аралдың
шетінде,

өкпе буар өсектердің өтінде.

Өкінішім - бітпей жатқан
жырларым,

бекінісім - дәптерімнің
бетінде.

Шаттығым да, аз дей алман
баста мұң,

Страницы