ВЕРНУТЬСЯ

Әйелдердің күні дейді бұл күнді,Бақтар жайнап, сайратады бұлбұлды.Еркек түгел еркелерге берем деп,Қолдарына ұстап апты бір гүлді.Осынау күн - беделі бір өскен күн,Жұрттың бәрін мен өзіме дос көрдім.Қай қияға жұмсаса да баратын,Әйелдерге антын бұзбас әскермін.Ұмытылмай сонау жастық кездегіАйтылады махаббаттың сөздері.Гүлді ерекше ұнатады әйелдер,Гүлдерге ұқсап тұрғаннан соң өздері.Көктем алды Алатаудың өңірін,Таңмен бірге әнге басты Бек інім.Бір шоқ гүлді менде келем көтеріп,Күлтайымның алайын деп көңілін.