ВЕРНУТЬСЯ

Адамдағы  ақ ниетке елжіреп,Алғыс-жыр боп төгіледі сел-жүрек.Кім болмасын ақ жауындай көктемгіАқ пейілін алып келсе болды тек. Мен де ол жанға ашыламын айдын боп,Талайларға жан сырымды жайдым көп.Бір-ақ ауыз жылы сөзге еримін,Ол болмаса,одан артық қайғым жоқ! Сірке бұлттай сал бойына сыр бүккен,Сұрқай,суық,сұмдарыңнан түршіккем.Сенімсіздік ұялайды жаныңа,Сәл де болса көңілдегі кіршіктен. Ондайларға өртенердей өзек шын,Зымиянды іреп сояр қажет сын.Дүниеге Адам болып келген соңАдамшылық қасиетке не жетсін!

Автор: