ВЕРНУТЬСЯ

          Өртеп отқа
фашистер,

Әлденелер салады.

Салған сайын
лаулап от,

Жалындайды
жанады,

Білдім, сездім
жаңа мен,

Өртте ненің
күйгенін:

Фашистердің жаққаны

Өлеңі екен
Гейненің.

Жақсын мейлі,
корқаулар,

Құтылуға
Гейнеден.

Гейне жырын бар
халық

Жаттап алған
деймін мен.

Жанса жансын құр
қағаз,

Жанбас жүрек, шын
өмір.

Жанбақ қалай өртенбек

0ттан ыстық өткір
жыр?

«Жазамын мен жана
жыр,

Жарытам елді
өлеңмен.

Бақытты жаңа
дүниені

Жасаймыз жерде
қолменен».

Деген Гейне бір
кезде,

Жүрегімен ант
берген.

Ұшып Берлин үстінде,

Саңқылдаған өлеңмен.

Ақын даусын сол күнде

Барлық неміс
естіген,

Өртей берсін
фашистер

Шықпас елдің
есінен.

Жанның досы өлеңді

Өртемекші қандай
жан,

Елдін көркі
өнерді

Құрытпақ қалай
бір надан?!

Еркіндіктің елеңін

Әртеп бітем дей
ме екен.

Еркіндіктін
ақынын

Жерлеп бітем дей
ме екен!

Жоқ, жоқ! Бұл тек
есерлік!

Бұл алжыған құр
хиял,

Туғызбасқа ақынды

Таппас Гитлер еш
амал!

Біздің елде армия
-

Кұралданған
ақындар.

Біздің елде
лирика,-

Олденеше мың том
бар.

Сол ақынның бірі
мен,

Заманыммен бір
туған.

Жазам бақыт
өлеңін

Айтам өлең,
шырқап ән!

Жерге бақыт
береміз,

Жанбаймыз біз
жалынға.

Ұстатпаспыз
өлеңді

Фашистерге
жағуға.

1936