ВЕРНУТЬСЯ

АбайғаТәрк етіп жалғанның сайран бағын,Серік етіп қалың ой, қайғы орманын,Кеткеніңмен, рухың шырқау биікСен мәңгі тірідейсің, пайғамбарым! Алдыңда ақ бас таулар еңсерілген,Асқақ шыңым, әлі де өлшеуі кем.Өңкей қиқым әлі де тасаланар,Тіліп түсер сөзіңнің семсерінен..Кісілік қасиетті ұғындырған,Сөзің өрт, имансыздың жынын қуған.Бас құрап ел болмақшы қайран жұртыңҚазаққа керек-ақсың бұрынғыдан. Білемін, саған мақтау керегі не?Ұғынар зер салған жан өлеңіңе.Ауысар бізден кейін талай ұрпақТәнті болып ойыңның тереңіне. Уақыттан озық шықтың дара самғай,Ол дағы қалды саған таласа алмай.Халқыңа жөн сілтей бер ақылманым,Мәңгілік биігіңнен аласармай!                     ***                       ***Арды түйіп, пайда ойлап жүргендер,Көзге ілер ме, билігі жоқ ақынды.Ебін тауып, екі асауды білген жан,Болады екен елден ерек «ақылды». Төрде отырып, кеңес құрар қария,Қошеметтеп, пұлдыны жүр жағалап.Құлқын үшін пысқырмайды арына,Өмір мәнін тек байлықпен бағалап. Сөзімді айтып, тоқтатып ем жөнсізді,Түсінбеді ол, өзіме кек сақтады.Ойлап едім, жұрт ұғынар, ел-сүзгі,Кейбіреуге бұл қылығым жақпады. Бөріктілер үміт күтіп, ел сенген,Құлқыны мен қара басын күйттеп жүр.Ақыл, білім, еңбек деген өлшемнен,Қалмай барад ұшқын дағы титтей бір. Осылайша пайда қуып, жанығып,Дәрмені мен мәзі кетсе ортаның,Қара басып, діл мен тілден жаңылып,Қазақтығым қалмай ма деп қорқамын...