ВЕРНУТЬСЯ

Ақындардың мен бүгін үлкенімін,Қиын емес оншама күн көруім.Жаяу қалсам жолда мен, бір інішекЖібереді мінгізіп бір көлігін.Жоқ сияқты белдесіп жығатының,Болғанымен атойлап шығатының.Бар қазақты мен қалай тани алам,Барлық қазақ таниды бұл ақынын.Елегіздік, ертемен елеңдедік,Немен кетіп барамыз, немен келіп.Үлкені де қазақтың, кішісі деТұмекеңе тұрады сәлем беріп.Басылып қалған сәл-пәл бірКөңілі аяп,Кім шақырса, барамын бәлденбей-ақ.Мен де сәлем аламын, дүниедегіЕң жақын бір бауырымды көргендей-ақ.Тұманбайға тыныштық бермейді аяқ,Кеудеңдегі, кемелдім, кернейді оят.Мені сирек өмірде көретіндерҚартайыпты-ау ағамыз дейді-ау аяп.