ВЕРНУТЬСЯ

Алаулы от. Анадайда алтыбақан,Алтыбақан сауық қой халқыма тән.Ағынымен сезімнің шырқ үйіріліп,Шырақтарын жанымның жарқыратам. Тұр біздерге қаншама көз қадалып,Қолыңды бер, кел, қалқам, қозғалалық.Айлы түнде құрылған алтыбақан,Бесігіндей көрінсін бозбалалық. Дауыл тұрсын екпіннен, тербегесін,Астымызда жұмыр жер дөңгелесін.Аласұрған толқынмен алысайық,Жастық шақтың мініп ап жел кемесін.Бір қосылып шырқадық әнді ұнаған,Қимас жан боп қалсаңшы мәңгі маған!Уылжыған алмадай бақшадағы,Ақ жүзіңе қараймын албыраған. Дарқан көңіл көсіліп даламыздай,Бас айналып шаттықтан барамыз ба-ай!Шашу етіп шашады жұлдыздарынАялы аспан аяулы анамыздай. Айтылмаған жүректе сырды аңдатып,Алтыбақан теуіп ек думандатып.Көңілімнің көгінде әлі тұрсың,Он төртінен толықсып туған Бақыт!                           ***Аппақ нұр айдан саулайды,Құшады соны қыр, далам.Көлдегі жарты ай аумайдыҚалқатай таққан сырғадан. Күндізгі шудан шаршаған,Жағажай жатыр түс көріп.Ғашық боп жерге аңсағанБір жұлдыз төмен түсті еріп. Рақат табар жан мұнда,Шалғынның иісі сіңеді.Ақ қайың анау алдымда –Арудың созған білегі.Жолығам іңкәр арманға,Бір тәтті қиял тербейді.Жауыздық бар деп жалғандаЖүрегім әсте сенбейді. Толғанам ғажап өмір деп,Жаратқан неге келте қып?!Көрігін кенет жел үрлеп,Қымтанды аспан көрпе-бұлт. Жартас тұр қарап үңіле,Жоғалды сурет жырға бай.Алдамшы ма едің, дүние,Судағы «алтын сырғадай»?!