ВЕРНУТЬСЯ

Кезімнен-ақ етек жауып, ес білген,Өзіңді ойлап, ғажап күйлер кештім мен.Қиялымды баурап алған Маңғыстау,Сәйгүліктер дүбіріндей естілген. Елестейтін және маған ұжмақтай,Әулиелер жайлап алған жұмбақтай,«Маңғыстау» деп қайталаушы ем дұғамдайАтауының өзі маған қымбаттай. Билеп алған көп ертегі, көп аңыз,Атажұртқа жаны құштар баламыз,Дем бергендей бабалардың рухыАрасында керілдесіп қаламыз. Жүретінбіз саған сырттай таласып,Қиялымыз қия шыңнан әрі асып,Батырларша бірін-бірі кешіргенКететінбіз кейін қайта жарасып. Бала көңіл мөлдіреген тұнықтай,Махаббатын жүретін еш суытпай,Қызғансақ та бірімізден бірімізЖүретінбіз өзіңе шаң жуытпай. Он жетімде сапар шектім сені іздеп,Көкірегімнен өпті Ақтауда теңіз кеп.Көктеп өттім Өзен, Бейнеу арасынҚасиетін болдым анық сезінбек. Айғыз-айғыз тілімденген арқасы,Шықты алдымнан баба дала қаңқасы,Көрінгенге үрке қарап тұрғандайАтажұрттың әр шоқысы, әр тасы. Тыпырлайды торға түскен балықтай,Жон арқасын қамшы тілген арықтай.Неде болса қысқаштайын жуан қолҚояр емес қара қанын сарықпай. Бозаң дала тақырланған ақ шаңдақ,Үркіп ұшқан бөдене мен қасқалдақ,Качалкалар қанға тоймас масадайҚайта-қайта сорып жатыр қақшаңдап. Шынжыр табан ізін сала таптаған,Көрінеді жусанды қыр жат маған.Күңгірлейді көне бейіт, мазарларАта-баба белгісіндей сақтаған. Жерұйығым қайда мені баураған,Талапайлы тулақ дерсің аумаған.Өткенімді бүгін іздеп таба алмайЖауыр аттай дірдектедім жаураған. Біреулердің ой-пікірі, санасы,Таң қалдырды ауызының аласы,“Түрікпен”дейді “қалпақ” дейді қазағынМақтаса да, дайын тұрар жаласы. Бойын билеп қызғаныш пен күншілдік,Ойын билеп рушылдық, жершілдік,Шалыс бассаң жатқан гу-гу әңгімеБиіктесең ешкім көрмес – үнсіздік. Асқақтасаң, бейім тіпті құртуға,Жаққың келсе, дарақылан, жырқылда...Тәңір ием ондай “бақыт” бермегенЖат қылықты қалдырамын сыртымда. ...Содан бері талай-талай жыл өтті,Тәуелсіздік нұр боп жетті, түлетті.Бәрін қойып келе жатыр орнынаСерпіп тастап құрсау болған түнекті. Жылдар өтті, айлар өтті, күн өтті,Рухсыздық көңілімді жүдетті,Бойындағы қасиетін қазақтыңЖиып алып кеткен сынды бір епті. Сені іздеумен тілімдедім табанды,Бетте - әжім, самай шашым ағарды.Таба алмадым қиялдағы жерімдіБаурап алған бір кездері санамды. Бәдеуидей, бір қалыптан айнымай,Келемін мен, сені іздеткен қай құдай?..Қиялдағы ер көңілді, мәрт халықСені іздеймін бейне Асанқайғыдай. Төзем деумен, табам деумен келем мен,Өзімді өзім алдарқатып өлеңмен,Қиялымда қалып қойған АтажұртСені ақыр табарыма сенем мен!..