ВЕРНУТЬСЯ

            Атым да жоқ еді,
тайым да жоқ еді,

Санасыз көңілде
уайым да жоқ еді.

Кетпейтін
кедейлік атамның үйінен,

Жетпейтін
ешқашан арманым көп еді.

Ерте мен өргізер
қой-қозым жоқ еді,

Алысты көретін
ой көзім жоқ еді.

Мұғалім қоятын кіл бестік бағаға,

Апамнан алатын байғазым
көп еді.

Ағам да жоқ еді,
інім де жоқ еді,

Басқалар еститін
үнім де жоқ еді.

Бара жаттым ба
мен өрлеп ақырын,

Жақсылық келер
деп, көңілім тоқ еді.

Жеткізбес
жақсылық, жетпейтін армандар,

Шашылған тиындай
жоғалып қалмаңдар.

Тіршілік қиындай
түскенмен бұ
күнде,

Жаман дос
секілді жағамнан алмандар.

Жүріңдер алыстап, жақындап жүріңдер,

Үйір боп Тұмашқа, үйге де кіріңдер.

Көктеммен бірге
еріп келетін құстардай,

Біреуің
кеткенмен, айналып бірің кел.