ВЕРНУТЬСЯ

      - Ай астында алтын тау,

Әлде нұрлы күмбез бе?

Жоқ еді ғой, япырым-ау,

Келгенімде бір кезде?! -

Дедім де, тез бұрылдым

Келе жатқан бетімнен.

Астымдағы бурылдың

Жарауы әбден
жетілген.

Бір бел астым бұлдырап,

Құлағыма шалынды ән,

Күміс дауыс сыңғырап,

Түнгі гармонь шалқыған.

Сол бір әнді, сол күйді

Тыңдай бердім аялдап.

Астымда атым шұлғиды

Толқи басып, аяңдап.

Гармонь үнін, қыз әнін

Қайтіп, сірә, бұзамын;

Өзім де әнге қызамын,

Ай астымен сызамын.

Алтын тауда ән салған

Қызға жеттім, қол создым.

Ай нұрына
шалынған

Астығы екен колхоздың.

1948-1950.