ВЕРНУТЬСЯ

Аяқтамай, жазбай кеттім жырымдыҚұмарлыққа күң болғанда сезімім.Жасырамын кімнен, қалай сырымды?Көп күнәһар пенденің нақ өзімін. Сүймей жүріп сүйіп қалдым бір жандыКөп кешігіп кезіксе де ол маған.Тек онымен жаным-тәнім нұрланды,Сәтім сірә Аллам өзі қолдаған. Оны көрсем өмір-жұмақ бақшасыКөрген азап ескі кино секілді.Теңіз терлеп, далам күлді ақ шаштыМен де енді бақытты боп бекіндім. Жүзі жарқын сол адамға ғашықпынТағдыр саған тура қарап айта алам.Түнде таңға, күндіз кешке асықтымКөру үшін тек сол жанды қайтадан. Ғашықтықты кім айтады күнә деп?Сүйе алмасам, далбаса ғой қалғаны.Сағындырса сан күн жүрек жыла, кеп,Бір әйелдің арман емес ардағы.                       ***Сен Каспийдің сағасында қалғандаМен Жайықтың жағасында мұңайдым.Бармақтай бақ таба алмаған жалғандаМені немен жұбатады бұл айдын? Сезім желпіп толқынға ма, желге ме?Өзім елтіп құр ойменен сенделемМаған бейуақ жолыққансың сен неге?Қалай сені сүйіп қалғам мен деген? Маңғыстаудан мейір таппай келгем жоқЖайық, төмен сала көрме жүзіңдіҚуаныштың құшағына енгем көп,Сағыныштан сартап жасым үзілді. Өлең жазсам қасіретімнен айықтымБар жазығым - сені өлердей сүйгенімЖағасында гәкку мекен ЖайықтыңЖалғыздықтан жынданатын күйдемін...                  ***Кезігерміз екеуміз жолда қандай?Тәңір өзі бұйырып, қолдағандай.Жан-тәнімді жандырған қайран сезім,Жоқ боларсың бір күні болмағандай. Жұмбақтаста тығылған жарқабаққа,Күндер көшіп кетерсің беймәлімге.Түндер келіп азабы сарнап аққан,Тауысар ма төзім мен кейде әлімді? Жайғасарсың жанына жарыңыздың,Жалғандағы жарқын жан нақ өзіндей.Ақын ару, мұңды жыр, бәрі-аңыздай,Арман, үміт қалды ма бақ көзінде? Сандырақтап сөз айтып мәнісі жоқ,Отырарсың өткенді қайтара алмай?Сезім өртеп күйдірген танысың көп,Сыра ішерсің ештеңе айта да алмай. Саябақта жүргенде сағыныштанӨкінерсің, айыптап жынды күнді.Қақың да жоқ озуға жазымыштан,Менсіз солай жалғарсың тірлігіңді.