ВЕРНУТЬСЯ

Көргенімде үндемесем,Сүймей қалған екен деме.Ұмытылмас күндер әсем,Құмарлықсыз секеңдеген. Тіл қатпасам келгеніңде,Сағынбаған екен деме.Сен деп келгем жерге бірде,Жүрегім – гүл, шекер –денем. Жарылқайды жаңбыр жиі,Жұмғаныммен көздерімді.Махаббаттай – тағдыр сыйы,Қажетсінбес сөздеріңді.                ***Махаббат шығар бұл деген?Тықырын аңдып есіктің.Күткенмін күндіз, түнде деНеге сен бірақ кешіктің? Үмітпен төзіп бақсам да,Сағыныш самал есіп тым.Аңсатып таңда, ақшамда,Неге сен сонша кешіктің? Жүрекке жаздым атыңды,Түндерді қуып түнерген.Деміңе шөлдеп татымды,Қолыңнан ұстап жібермен. Мұң тарттым ақын пішінде,Дөңгелек тірлік –бесіктің.Сағынтып өртеу үшін де,Осынша жылға кешіктің.