ВЕРНУТЬСЯ

Тек мен ғана түсінем бұл қаланы...Е.Раушанов   Түнім – қара, мұздай әрі табыттай –Жалғыз қалдым.Махаббат күш кемітіп.Түсінгенмен Алматыны алыптай,Түсінбейді ол ақын да мені түк. Жалқау жылжып, жүрем ойға салынып,Жалпақ әлем жыр тудырмай салмақты.Күндерімнің албырттығы алынып,Жылдарымның жомарттығы қалмапты. Сен көрінбей, көрініп қап жалт беріп,Тұншықтырып кереметті тілі жоқ.Сағынышым сапарынан салт келіп,Оны уатар жүрегімнің түрі жоқ.Уақыт қана әлдилейді сараңдап,Көп азабы үлесінде өткеннің.Анда-санда нұрлы сурет қараңдап,Иісі аңқиды бұл қалада көктемнің. Толқындары теңіз емес, арманның,Жын ұрады, жым болады құр дене.Ғашық болып бір-ақ рет қалғанмын,Басқалары босқа өлетін бірдеңе. Сезімнен бе сенделері жас қыздың?Кісен салып, сыртта заман қамалы.Асау едім, басу айтпай күткізді,Бұл қаланың түсінігі шамалы. Алдым-бұлдыр, биіктемей бетегем,Жүрегімді жылуы жоқ қинай мұң.Бәрін тастап бас ауғанға кетер ем,Алматыны, бәлкім сені қимаймын,Сені қимаймын...                     ***Желтоқсанда жәудіреп жалғыз қалдым,Жараланған жүрегі жерімде мен.Кеудеде арман асаудай алғызбаған,Жандар қайда жалындап елім деген? Саясатты сөз жетпес бағалауға,Имандылық бүгінгі қоғамда жоқ.Жырымды оқып жүремін жағалауда,Тілім қысқа, күшім жоқ, санамда шоқ. Ақын баста әуелден бақ тұрмайды,Өлең жаздым шырылдап шарасыздан.Азаматтар ақ жаға таптырмайды,Шындық таппай күйген ел арасынан. Төрді билеп арсыздар тиын сұрап,Қара халық басында жайды ұқпастан.Жаншылайды жанымды қиын сұрақ,Кім оқ атқан жеріме қаймықпастан?