ВЕРНУТЬСЯ

Аға, сізді көрдім де,Быт-шыт болды өмірім.Жырға құмар көңілім,Сізге ұмтылды.Өлдім бе?Әлде, гүлдеп өңірім,Жұмағына ендім бе? Аға, келбетіңіз көрікті,Тартып менде ерікті.Күндіз-түні шығара алмай есімнен,Гүл  орнына  мұң  сыйлаған шақтарды да кешіргем,Сезім менде берік-ті.Төзім рас  тесілген. Аға, сізге сонша құмармын –Сіздің жолда түндер менен таң құрбан!Азабыңды айтшы маған, антұрған,Қасіретіңді таптап  кенін  құртайын  мен  бұлардың...Бәлкім, сонда ұнармын,Бәлкім, сонда тынармын...                          ***Сенен  асқан  жан  бар  ма екен ғаламда?Сенен  басқа  арман  бар  ма санамда?Сен болмасаң  жырлар жазып жақұттай,Жүгінем бе қаламға? Жер бетінде маған тек сен керексің,Бірақ, бірақ,Сен мендегі мұңды қайдан елепсің?Сенсіз жүдеп айрылғандай тіректен,Жаным ашып жүрекке. «Келер, бүгін, мүмкін, ертең азанмен»,Өзімді-өзім жұбатып жыр жазам мен.Таң  атқанда  жұлдызбенен  үріккен,Ұйықтап жатам үмітпен. Өмірімді арнап саған бүтін мен,Мен өзіңді шаршамаймын күтуден.Жастық шақтың әуеніне қосылмай,Күндерімді өткіземін осылай.               ***Сен емес мені жылатқан,Мен емес сені ұнатқан.Сен емес ұзақ күттіріп,Оралмай қойған жырақтан. Мен емес сені мұңайтқан,Сен емес мөлдір сыр айтқан.Мен емес орап күлкімен,Пәндәуи қайғы ұлғайтқан. Сен емес жанды баураған,Мен емес тәнді жаулаған.Сен емес терезе бағып,Қараша түні жаураған. Сен емес таңда ән салған,Мен емес сұлу тамсанған.Сен емес және мен емес,Адасып кетті-ау, қанша арман?!                  ***Табиғатта тыныштық сезілмейді,Күн шуағын көбірек төккенімен.Жеңілтектеу қала тез көз ілмейді,Оралмайсың сен неге?Өкпелімін... Қозғалмайды аспанның ауыр басы,Бұлттар ғана теңселіп ары-бері.Ағаштарға самал жел бауыр басып,Алатаудың қақсайды кәрі белі. Қамыс құрақ қырларда қылымсиды,Сұр сағымның сезімі тысыр етті.Талақ етіп ғасырлық жарым сыйды,Жер ана тұр жөн көріп қасіретті. Балықтары азайып теңіздердің,Аққу әнін салмайды айдынында.Бірі ұқсамай біріне егіздердің,Қуанышы ананың сайды мұңға. Періште мен пенделер ерегісіп,Тағдырды да талқылап сөккені мың.Уақыттың ортасын кере кесіп,Оралмайсың сен неге?Өкпелімін...