ВЕРНУТЬСЯ

Самға қарай  самғасам  ғой  сағыммен,Енді  ешқашан оралмасам  қалаға.Ермесем  ғой  сайқал жемқор ағымға,Көрмесем  ғой  адамдарды алаған. Самға жетсем араласып желменен,Құмға көміп  бар аяулы сезімді.Махаббатқа қолды бір-ақ сермер ем,Қадірімді білмей жүрген кезіңде. Тыныштықтың тәтті дәмін татсам ғой,Шабытыма  шырқыраған  түн ие.Ешкім көрмей, дымды білмей жатсам ғой,Дағдарыстан дал  болса  да  дүние!                   ***Сам құмы сағындым шаңыңды,Балалық  шағымды бал үнді.Ертегін  әжемнің  нанымды,Сен жайлы тақпақты жалынды. Кезсем де, көрсем де өлке көп,Дәл сендей сүймедім шағылды.Күлмедім, жүрмедім еркелеп,Іздеп те көрмедім бағымды. Сам  құмы сағындым төбеңді,Ой-қырды ізіндей түйеңнің.Сезгенім, сенгенім көп енді,Айтарым - өзіңді сүйемін.Сам құмы сағындым сазыңды,Жазыңды, көктем мен күзіңді.Жанарды жайсаң жүз, наз үндіОн алты жасында үзілген. Мелшиіп сырыңа  бекемсің,Не ойлап жатырсың  бүгін сен?Сен  мені таныр ма екенсің,Құмыңда құлындай жүгірсем?!