ВЕРНУТЬСЯ

Сұрамаймын мейірім сенен жылап,Тәкаппарлық әлі де солмағандай.Махаббат па?Ол бүгін менен жырақ,Алғашқысы, соңғысы болмағандай. Тал бойымды талдырған сағынышқа,Салынғаным көзімді жұмып алып.Жалғыз еткен тағдыр ма, жазымыш па?Ең бақытты шағымды сылып алып. Өшкен кезде өртенбей аппақ сезім,Теңіз тыншып, көк күлмей, тұман далам.Шаршап жүрмін, шағылып шақпақ төзім,Өзгеге де, өзіме күмәнданам.Жалғыз жүрмін- тілегің орындалды,Ең мұңлысы қаланың хас бүгінгі.Аялаудан арманды қолым талды,Құшып болдым көрпемді, жастығымды. Өлеңімнен іздеймін бір емімді,Күлімдейді жастарын көзім сарқып.Сен бәрібір ұқпайсың жүрегімді,Сезім түгіл, бір ауыз сөзім артық. Түн-тамұқты тәрк етіп, таңды аламын,Зорға сүйреп  тірлікке құр денемді.Кеш қалаға кіргенде сандаламын,Жоғалтқандай ең қымбат бірдеңемді.