ВЕРНУТЬСЯ

Елім бар ғой, егілсем, емізетін,Жерім бар ғой, жеңілсем жеңгізетін.Тіпті Алматы аспаны бар пендеге,Мөлдірліктің моншағын тең үзетін. Далам бар ғой, сыймасам паналайтын,Күн нұрын да сәт сайын жаңалайтын.Аппақ қар да әлемді құшақтайды,Жел де ұятты, сай-қырды аралайтын. Бұлттар ғана бір кетіп, бір келеді,Сонда шыңдар шым батып, бүркенеді.Тұман басып, табиғат тәнін жауып,Зираттардан зарланған жыр келеді. Көтертеді құс жолы білегіңді,Айналаңнан табасың тірегіңді.Әлем тұтас, сен жүрсің өзіңше боп,Мені сүйген түсінбей жүрегіңді.                    ***Cенсіз өткен күндерімнен безіндім,Түндерімнің...Тақсіретін сезіндім.Асау да асқақ адайдың бір  қызы едім,О, құдірет табаныңда езілдім. Сағыныштың соқпағында тапталдым,Боз жігіт ең әнім болып жатталдың.Ұйқысыз түн сені ойлаумен дөңбекшіп,Мазалаған мың ойлар деп ақталдым. Әнді сүйген, жырға ғашық сері ұл ең,Бір көргеннен дидарыңа ерігем.Сенсіз өткен жылдарымнан безініп,Сенсіз келер таңдарымнан жерінем.                    ***Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім,Көз алдыңда көлбеңдеп бала тұлғам.Жұбатсаң да, жылатсаң өзің білгінМен тек қана сен үшін жаратылғам. Таңдарымда талықсып оянамынКелсең келгін, келмесең, өзің білгін.Қасіретіме қатыгез тоя ма мұң,Сезім суып, тән семіп, көзімді ілдім. Тағдырымнан жалғыз-ақ сый еді өлеңЕнді одан да адастым, кезім кіл мұң.Сарқылғанша сағыныш сүйе беремКелсең келгін, келмесең өзің білгін.