ВЕРНУТЬСЯ

Ғашық  емеспін мен сізге,Асықпын бірақ көрмекке.Емес, әрине ермекке,Дидарың ғазиз жер-көкте.Шаһарлар мен елсізде,Асығып жүрем мен сізге.Сағынғаным жоқ беріліп,Асықтым бірақ, көрмекке.Емес, әрине ерігіп,Елітер сізде серілік-Күлкіңіз керім, бер, үміт!Арманмен асып жер-көкте,Ғашық емеспін мен сізге..Ғашық боп пенде көрмеп пе?Асықпын бірақ, көрмекке.Шаһарлар менен елсізде,Асығып жүрем мен сізге.