ВЕРНУТЬСЯ

Қайдасың, қай жерде жүрсің сен?Теңізде толқыны тебіскен?!Жағада жабыға күрсінсең,Мен сені құшамын жеңіспен. Қайдасың осы бір кештерде?Тек маған жабылып барша мұң.Жарқ етпей жанарың еш жерде,Іздеуден мен сені шаршадым. Тауда ма қырандар ұнатар?Торғайдың жетпейтін қанаты.Құзғынды құрдымға құлатар,Сұңқардың асығар жәннаты.Қайдасың?Жанымда пенде жоқ.Достарым қар болып еріген.Мақтанар марапат менде жоқ,Күлкінің керілер жері кем. Көктемнің құстары қағып ұш,Сезімдер кір-кір боп, ар - сағым.Көмейге кептеліп сағыныш,Түсінші, мен сені аңсадым. Үміттің ілгегі үзілді,Өртеніп  бақшасы бағымның.Түсінші, түсірші жүзіңді,Шаршадым, аңсадым, сағындым...