ВЕРНУТЬСЯ

Әлдекімді күте берем қашықтан,Жүректе жыр, тұла бойда қатып қан.Құндылығы құрып кеткен өмірім,Көңілімнің  көрі азап, төрі мұңӨлгім келіп жылап жатам жасып тән,Ақбаладай ақыретке асыққан. Боздақ келіп боздамасын басымда,Армандап ем оны өлердей жасымнан.Қара өлеңнің арнасам да қаншасын,Таң қалдырып тәмам жұрттың баршасынСүйсе-дағы таңдамады ол мені,Жарты түндер.Мендік тағдыр сол ма еді?Түнгі бақыт,Күндіз қайғы секілдіАллалаған тіл дұғаға бекінді.Жынды қылған жұмыр жерде жақын жоқ,Жалғыз қалдым өлеңі арзан ақын боп,Сүймеуге күш,Ал сүюге хақым жоқ! Жалын едім,Жанушы едім от болып,Енді қалай тез кетемін жоқ болып?Айырмам  жоқ  жігері құм жасықтан,Күлкім кеуіп, гүл жүзімнен қашып сән,Сенім сөніп, арман қалды айлақта.Тілек болып бақ құшармын қай уақта?Әлдекімді қанша күтем қашықтан?              ***Жалықтым жалқы өмірден,Тарықтым салқын көңілден.Шындыққа шөлдеп, шаршадымҚас-қағым дүние, қоңыр дем. Бақытын іздеп басымның,Қалмады дәмі асымның.Тек өлең жазсам тірілем,Шабытсыз шақтар ғасыл мұң. Қырдағы гүл ем қырмызы,Сананы басты тұрмысым.Аңсаған арман аңыздай,Үмітім үзік жырмысың?             ***Жанымды тепкілесең де,Бал шағың кетті десең де,Азапты күнде жесем де,Зәріңді төкпе демеймін,Мен саған өкпелемеймінӨмір. Арманды аялап жүрген,Жалғанды саялап күлген,Бір күнде оққа ұшырдың.Өзімді жоқ па жер құшырғың?Кейде рас жеңілем ойдан,Бірақ та егіле қойман. Бақытты көз ілгенімде,Уақытты сезінбедім бе?Әлде сен өзім дедім бе?Қайғыны елей қоймадым,Жайлы күн жебей ойдағым. Бір әнім гүл атып кеудемде,Жұбанып үмітке бір демде,Бәрі енді жаңаша дедім,Сен еткен тамаша едің?! Арымды жараласаң да,Барымды қараласаң да,Төмендеу бағаласаң да,Қуаныш тек көрем алдан,Мен сені жек көре алман!Өмір.