ВЕРНУТЬСЯ

Жалғыз бөлме.Қараша.Қап-қара әлемҚайырымы Алланың өртенді ме?,,Кеп қалар,, - деп  есікті жаппаған ем,Терезені қымтарсыңКөрпемді де. Қап-қараңғы көше ұзын тірлігімдей,Таусылғандай сұр ауа, демім бітіпШабытым да менсінбей жүр бүгінде,Өлең түгіл су ішпей сені күтіп. Адам келсе, шәуілдер күшік те жоқСағат тоқтап, үзілген байланыстар.Көзім жұмық, қабынып жүрек те көпКүн батады кеш оны қалай ұстар? Сынық үстел,Тас төсек - бар тұрағымСен секілді көктем де кешікті қап?!Бөлме тоңып,Мен-дағы қалтырадымЕсікті жап.                    ***Қысқы қала түнереді күлмейдіМен қысылдым қуануға жарамай.Сен жайлы ешкім ештеңе де білмейді,Алғашқы қар жауған кезде далада. Жыламағын, жалынбағын, кеш деме,Кештім десем оным шықпас көңілден.Енді маған керек емес ештеңе,Ғайып болып кетсем дұрыс өмірден. Үсті жақұт, ащы бақыт әрі жүрЖалғыздықта жазылмайды жазғы жыр.Енді маған қыс па, күз бе бәрібірТерезенің алдында өтсін аз ғұмыр.