ВЕРНУТЬСЯ

Ақша қар да, аппақ арман қуантпас,Енді мұңнан қорғай алмас құшағың.Ыстың тәнің, қыстың әні жұбатпас,Темір төсек – құшарым. Арашала тәңір сыйы –жарық Күн,Айсыз түнде адасқаным анық-ты.Кешіре алсаң, жылуыңа қарық қыл,Күнә тұнған жастарымнан жалықтым. Сіз – дстансыз, мен – бір қағаз өлеңмін,Сіз –бейхабар, мен бәріне қанықпын.Сіз келгенше сағыныштан өлермін,Бақ қуам деп көште жалғыз қалыппын. Жаны жыртық, әлі үрпек қыз екем,Таптап өтіп, сіз кетесіз қайтадан.Өлең-өзім, мендік өмір-сіз екен,Жерде, төрде, көрде  Сізбен  бақ табам.                     ***Көрсем жасып: «Сіз...» дей берем,Сөз таусылып қалған ба?Сосын қайта іздей берем,Басқа ісім жоқ жалғанда. Сағынамын аласұрып,Бәлкім, жылдам келерсіз?Мен –өспеген бала шақ,Мені қайдан елерсіз? Тәңір сізге көзін салғай,Жылдар жайлап адымды.Сіз – даласыз шөлді, шалғайЖусаны аңқыр кәдімгі. Тәңір сізге қуат берсін,Қарттық ұқсап қаңбаққа.Сізге күлкі шуақты ерсін,Мұң шашылып жан-жаққа. Бақыт  баста тұрақтасын,  Қайғы білмей күліңіз.Сізді шыңнан құлатпасын,Мені күтіп жүріңіз.             ***Жылдың соңғы күнінде,Тағы сізді сағынам.Сағыныш мол үніммен,Тағдырыма жалынам. Бере көр деп бақытын,Келе көр деп уақытым.Жолыңызды сүйетін,Қолдарымыз тиетін –Алақаным. Тарар қаным тезірек,Сіз дегенде елжіреп.Бойымда – мың жарылыс,Ойымда – шын сағыныш. Ағымнан бар жарыла,Мұңы басым үніммен.Тағдырыма бағына,Тәңіріме жалынам...Жылдың соңғы күнінде,Сізді күтем тағы да...       ***Жерден бе?Осы, қайдансыз?Келіскен көрік, келбет те.Ақылға сірә бай жансыз,Әлбетте. Жымиып қарап маған көп,Сәттерде мұң да жегенмен.Мен үшін сенің бағаң жоқ,Дегенмен. Кетерсіз тез-ақ ұмытып,Даусымды, тіпті күлкімді.Оралып сол-ақ, жылытыпСыртымды. Арман мен мұңның тозағы,Бәріне тек сіз иесіз.Сіздегі ең бір ғажабы –Мендейін жырды сүйесіз.          ***Сізсіз өмір қараңғыТүнек емес.Сізден бөлген арамдыТілек емес.Өзімшілдік сіздікі және тағыМенің күлкім,Мұңдарыңның маздатқан кәрі құлқын. Сізсіз әлем шарасыз,Ару емес.Қайда кетіп барасыз,Дәру елес?Мен де  солай  кетермін  үйім жоқ па?Ұмытарсыз сіз-дағы,Қиын боп  па? Қоштасалық, амал не? Жиналыңыз ...Жүрмеңізші соңымнан!Мида мәңгі қалады дидарыңыз –Келетіні қолымнан...            ***Сіз ауырып қалғанда,Мұң кіреді әніме.Жалғызсырап  жалғанда,Дерт маған да дәміге. Ажар кетіп өңірден,Көктем күлмей байыпты.Қолым жайып тәңірге:«Сырқатынан айықтыр...»! Сіз ауырып қалғанда,Тәнді тілдеп күз әні.«Қаздар сыңсу салғанда,Кездесеміз біз әлі. Қосылады ақ таңда,Сырымыз бен жырымыз!».Сіз ауырып жатқанда,Мен де ауырам,Тұрыңыз!..                     ***Көңіл-күйім күңгірттеу қайтыңызшы,Көздерімнен жан сырым сезілетін.Сіз қайтуші едіңіз, айтыңызшы,Кей сәттерде бәрінен безінетін?! Кейде тауың құм болып шағылатын,Кейде сезім үркектей қаша-тұғын.Сол сәттерде бәрінен жалығатын,Айтыңызшы, кім көңіл баса-тұғын?! Кейде билеп жанымды тұманды күз,Кейде күдік қасқайып жығылмайтын.Кімнен ақыл сұрап сіз қуандыңыз,Сол сәттерде ештеңе ұғынбайтын?! Мендік достар ұнатып «шекер қызды»,Сезім атты өмірге шат болатын.Қандай жандар жұбатты екен сізді?Сәттерде  бар  дүние жат болатын. Армандарым – желкені көк кеменің,Ойларым да қиялдан қалыспайтын.Кімге өкпе айтып, кімдерге өкпеледің?Сәттерде ең жақының алыстайтын?             ***Сізді  сағынғаным рас,Өлердей.Тәңірдей табынғаным да рас,Көре алмай.Пенделер мекенінде жалғыз қап,Үміттен қағылғаным да рас,Жеңе алмай. Сізді күткенім рас, жалықпайТүндерде елесті ғана түткенім де рас, жан ұқпай.Сағыныш өртеген шақтардаСырымды үшбу хат қылып бүктедім рас,Танытпай. Сізді ойлағаным рас,Несіне жасырам оны?Елеске тоймағаным рас,Жан бітіп құшардай соныЖалғыздық жанышқан сәтте,Ақтағаным рас, келер деп түскенде жолы. Сізді аңсағаным рас,Қосуға ниеті жоқ тағдырға жекіріп,Тойшыл дүние мен мазақ еткенде ойшыл көк.Сізге аса ғашықтығым рас,Бірақ, шаршағаным өтірік:«Келмесе, қойсын» - деп...                     ***Жүрегімде қалмайды сығымдай мұң,Жалғыздықты өлеңіме жырлатып.Бәлкім, осы мен дұрыс ұғынбаймын,Сіздей жанды сағыну да – бір бақыт?! Құмар қылып өлердей,Әр ісіңіз, қылығыңыз, күлкіңіз,Тек сіз ғана қуанышқа бөлердей,Сізді күтем, сезімімнен үркіңіз. Ғашық жаным жаралы һәм төзімді,Менің қайғым сізге мұңдай жәй ғана.Сіз қасымнан табылғанда көз ілді,Кеудемдегі мұз-қасірет тайғанай. Сіз болсаңыз көрінбейсіз көбіне,Сағыныштан сарғайсын ба, табиғат?Жолыңызда үміт жатыр сөгіле,Шашу шашып жәмиғат... Жазығым не?Жүрек сіз деп тынбаған.Тілек?Өлең?Киесінен қыңбаған.Өзім бәлкім, жолыққан?Сіз тағдырдан қорыққан?!                     ***Ай мен күннен жырақ қала талмайды,Сыр түйеді, бұртияды қаласа.Аспан сізге тұрақ бола алмайды,Жер беті де бірақ, сізден аласа. Аққайыңды әрлендіріп тұрсаңыз,Күзде түсіп қалатыны жаман-ау.Сұңқар болып, тауға бағыт бұрсаңыз,Бір күні атып әкетеді адам-жау. Гүл болсаңыз...Ең әдемі баурайда,Ғашықпын деп жігіт жұлып кетеді.Жұлдыз жақсы-ау, боранды күн жаурай ма?Көкке ызғардың ұмтылысы жетеді. Ауа артық па?Тіршіліктің өлшемі?Полигондай пәлекеті улайды.Тау болсаңыз...Құдіреттің бөлшегі,Теңіз тең бе?Сусыз әлем шулайды. Өлең өртеп, ғашықтықпен ауырған,Ешкім білмес, халіңізді білдім мен.О, сүйікті, сапар сүйгіш тәуір жан,Сізді ешқайда сыйдыра алмай жүрмін мен.                   ***Түн күледі, тілегі оның төзімсіз –Менің нәзік күлкімсіз.Бәрібір де, менің күлкім, көзімсізСіздің өмір сүйкімсіз. Суық күндер тұрып алды малданып,Өз дегенін қылар қыс.Тіршіліктің тәттісіне алданып,Сосын қайта жыларсыз. Таң атады, сосын жылдам кеш келіп,Жалқау тұман жайлайды.Менмендіктің машақатын ескеріп,Тәңір бақты байлайды. Жүргенменен бақытты боп өтірік,Сағыныштан ауырсыз.Қарт Каспийдің толқындары өкіріп,Шағаласы – сабырсыз. Ойларыңыз орын таппай қаңғырып,Арман, мақсат жүйесіз. Жүргеніңіз бозбаладай мәңгіріп –Мені өлердей сүйесіз.