ВЕРНУТЬСЯ

Қысқы шаһар. Ұзын көше. Түнгі шақӨзім деген өлең үміт тым жырақ.Әйнегімде  қырау биін қалдырғанБүгін  маған жалғыздығым құндырақ. Сен келмейсің. Жеткізді оны суық жел,Суық желмен жалғыздықты қуып бер.Тоңғаным ба, құшағыңды аңсадым,Ақ  мамық қар мұңдарымды жуып көр. Аспан  алыс,  одан сәлем мамық қар,Қайың, терек күтулерден жалыққан.Сені неге сонша сүйген екенмін?!Дауа болмай дәрігер мен тәуіптен. Жазға жетпей, күзге кетпей мұңдандым,Енді қашан дауысыңды тыңдармын?!Ақ болсаң да, бақ таппадым жалғыз қап,Кешір ақ қыс, жесір бақсыз жындандым.                ***Бойымда байырғы аза мұң,Ақымақ хаттарды несіне жазамын?Өзіңе кезігіп,Сезімге күң болдымДесем де күнәдан тазамын. Сәттерде есімнен жаңылам,Ойда-өлең, құшақта жаңыл-ән.Сені ойлап ұйқымнан қағылып,Құштарлық төсіне таңылам. Көруге ынтықпын таң сайын,Күтумен өтуде қанша айым?!Сен ғана іңкәрім іздеген,Мен сендік ханшайым! Болмайды жолыңда қаза мұң,Жауапсыз хаттарды несіне жазамын?Жарқ етіп жолығып,Зар еттің көрінбейСағыныш – торында азамын.                  ***Тағдыр бізге бір болуды жазбаған,Кезіктіріп  бақ бергенмен аздаған...Қақымыз  жоқ  бір өткізіп түндерді,Мәпелеуге  бір үмітті маздаған. Қақымыз  жоқ құштарлыққа қылықты,Өмір мәні - махаббатқа ұлықты.Жақындасақ бірімізге – біріміз,Тірлік бізді айырады құрықты. Не кінәміз бар, қай жерде алғыздық?Арымызға қашан күнә салғыздық?Мені сүйіп күн кешесің өзгемен,Сені сүйіп тіршілігім жалғыздық.