ВЕРНУТЬСЯ

Бәрін де, бәрін де сезем мен,Тағдырды тайсалмай безергенӘн -жырды талай жыл өлмегенЕрніңді ерніме шөлдегенБәрін де сезем мен. Келуге ынтықсың, келмейсіңКішкентай қалада бөлек бір елдейсіңКөргенде сүюден жалықпайСезімің ақиқат анықтайКүдікті күл етіп жерлейсің. Жыр жазам баяғы сезіммен таң ала,Заманға қарамай жымиған жаңараКеш кетіп, түн келер көз көрмес,Сен жайлы өлеңді өзгермесӘн етіп шырқайды Тамара...              ***Таңымды атырам сенсіз,Кешімді батырам реңсіз.Күтемін ғажапқа сеніп,Жағада жайдары желсіз. Ғұмырым болса да келте,Алты айға жетердей өртепҚайыптай бақытты етсең...Ақбөбек көңілді ерке. Күнімді көремін дәмсіз,Түнімде назданып мәнсіз.Бойымды сағыныш басса,Дем алып әлсіз.                        ***Сыртта сәуір, сәнді көше майысып,Мұң мәз болды, күлкі құшқан жәй ұшып.Кешір, енді сені күте алмаймын,Сағыныштан құрттай жүрек қайысып. Қарлығаштар оралғалы көп болды,Соларменен биік көктем шоқтығы.Қармен бірге ызғарлы жел жоқ болды,Бір хабардың сенен ғана жоқтығы... Өрік гүлдеп, қайың жарды бүршігінЖылғалардан жылдам-жылдам су ақты.Шабыт шалқып, жыр иірді ұршығын,Күн жымиды: «Өмір бар деп шуақты». Сыртта сәуір, жұрт та зәру көктемге,Тек мен ғана өмірге өгей жандаймын.Қарлығаштар қанат қағып жеткенде,Кешір енді сені күте алмаймын.                 ***Жалықтым жалқы өмірден,Тарықтым салқын көңілден.Шындыққа шөлдеп, шаршадымҚас-қағым дүние, қоңыр дем. Бақытын іздеп басымның,Қалмады дәмі асымның.Тек өлең жазсам тірілем,Шабытсыз шақтар ғасыл мұң. Қырдағы  гүл ем қырмызы,Сананы басты тұрмысым.Аңсаған арман аңыздай,Үмітім үзік жырмысың?         ***ШаршадымШабыт көп азаптап.Бақыт жоқ, мазақ қап.Сен сағымСоңынан кеткенсің.Солайша бақытсыз еткенсің. ШөлдедімБекеттің бал суын ішкім кеп,Басыма сағыныш көшкін кепӨлмедімАлайда.Түсініп келер деп қалайда. ТаңертеңМұңымды маңдайдан өшірем.Кел, ертеңБәрін де кешірем.                     ***Жаныңдағы жарылысқа қарамас,Жайнаң қаққан жақсы қызбын сырт елге.Өмір осы бағы, соры араласАнар ханум, маңайыңнан мұң терме. Адассам да ақ жүректі әнімненМен жалғанды сүйеді екем өлердейКүш-қуатқа жарымаған тәніммен,Тырмысады жүрек түбі жеңердей. Шұғыласы шомылдырар шаттық бар,Бұл жаһаннан бақыт таппай өтем бе?Алыс күнге асығумен аптықпай,Күлкі көміп, қас керемін бөтенге. Кінәсізбін, күнәһар түн басынба,Күнә татпан таусылмаса күш-айла.Мен өлгенде қабірімнің басындаАқындар кеп, жасап жатсын мүшайра. Балапандай жырларыма мас бола,Мазақ етер мәртебелі халық та.Ерте, кеш пе, тәнді көмер тас мола,Анар ханум, өміріңнен жалықпа…             ***Құлазытты түсі көк,Қала кеші қайыңды.Күз елемес ісі жоқ,Мендей масаң шайырды. Жалғыз қалдым көшедеСезім жұтап жалаңаш.Енді үмітім өше ме?Қылғындырып дар ағаш. Аспан алыс, ара мұң.Жер кешірмей кінәмді.Енді қайда барамын?Пенде қайда ұнамды? Өмір өтіп оралмас,Көште жылап жас тұлға.Бақыт шіркін қол алмас,Қалар аяқ астында.                 **Бақыт боп жарыта қоймадың,Туылған шығарсың мұңыма.Озар ма ойларға тоймадым,Мән бере қоймассың жырыма. Адал ем, адалдық қажет пе,Тек сендік сезімге өртеніп.Күтумен кейде қыс, жаз өткенӨкінген емес ем жер теуіп. Пенденің шындығы ашылмас,Алдасын бір-бірін алдаса.Жаныңның жарасы жазылмас,Тәніңнің ыстығы далбаса. Азапты алыста ұсақтап,Күш берген маң далам, бел-жотамМұқаңның кітабын құшақтап,Балауса түндерде мен жатам.                     ***Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп,Бұзық болып жүргенім жоқ жең түріп.Гүлнар киген қара көйлек үстімде,Қара шашым қара желге серпіліп. Қара түннен кейін ақ таң ағарған,Қара көзден сонда тамшы жоғалған.Қара өлеңге ханзадамдай табынам,Бірақ менде қара арман жоқ, ақ арман. Қара  қарға қарқылдайды өктем бе,Қара  ағаштың гүлін жұтып көктемде.Қара  суық қалшылдатса бойымдыСені ойлар ем ақ  ұлпа қар өпкенде. Қара қазақ қалың елмін, жекемін,Білем елге ақын жақын екенін.Ақ төсекте ақ үмітке берілем,Қара жер бірақ мәңгі мекенім.               ***Алатау қарайды бақсыдай,Ғасырлық кеудесін  қар баса.Өмірге келгенім жақсы ғой,Бітірген ісім жоқ далбаса. Алатау айтпайды жәй кеңес,Құшағын қытықтап бас қала.Бақытсыз жылдарым қайғы емес,Мақсатсыз мінезім масқара. Алатау қарайды түнеріп,Қыс мәңгі, жаз-көктем қала ма?Арманым алысқа жүр еріп,Сүймеген күндерім қара-ала. Алатау асықпай түйеді ой,Сезімі жаңбырдан қар болған.Һәм ғұмыр сүйем бе, сүйе ме ол,Бір қазақ жігіті жар болған?!                ***Жанымның азабы азайып,Тәнімнің сырқаты басынды.Тірліктен табылмай ғажайыпОй емес, дерт жеді басымды. Іссапар шеккендей күлкім де,Дәрінің иісі алды шашымды.Қос бүйрек  ұйқысыз бұл күндеАрманым далаға шашылды. Жүрегім тырмысып, тырысыпБарлығын білдіріп соғады.Тұла бой төсектен құрысып,Бес тәулік бар денем шоқ әлі. Ем таппай сабылған маман көп,Түрткілеп, тудырып тақырып.Мен жатам жүруге шамам жоқБекетті көмекке шақырып.                    ***Жастық шақтың жарқырамай маңдайы,Бәлкім өзім сәтсіздікпен тел өстім?!Ажал-аңның кеберсіген маңдайы,Арманымды қорғай алар емеспін. Пәк арманым мезі болып мәңгіріп,Шыңғырады шарасына сыймастанКүндеріме қасаңсыған сән кіріп,Егіледі түндер жасын тыймастан. Сен бе арманым, әлде мен бе озбаған,Күміс көңіл сәбиінен алданып.Бозінгеннің ботақаны боздағанБалалық қап жастық елді сандалып. Жастығымда әлің құрып, шаршадыңЕгделікке енді қалай жетеміз?Қаншама жыл мен тек сені аңсадым,Енді менің мұңдарыма төтеңіз,Енді өмірдің мазағына төтеңіз. Сені құшам, бірге өлемін сенімен,Бәлкім, сөйтіп сорларымнан кеш қашам?!О, арманым,  қоштаспашы менімен,Қоштасқандар  оралмайды ешқашан.               ***Тағы жалғызбын жағада,Толқыннан алмай көзімді.Келем деген ең бағана,Тауыса көрме төзімді. Мұңыма қанық теңізім,Таусылма, көрме жаманат.Жырларым жазған лебізім,Сырларым саған аманат!  Бос арман ойда.Тағы үміт...Мекенім сенсің маңызды.Білсең айт, жүр ме сағынып?Бір қазақ жайсаң, жаны ізгі?             ***Күшім де жетпеді,Ішімде айтылмай сыр қалды.Тағдырым бақытты етпеді,Шашымды, ернімді, сырғамды. Көзімнің жасы да кеппеді,Тамшылар  ақысыз құйыларҚуаныш күлкісін сеппеді,Арманның түрі жоқ бұйырар. Тәңірім тізерлеп сыйынарӨмірге өкпем жоқ десем де,Қай ғасыр мұңдарым тиылар?Жалғыздық жекіп тұр көсемдей Сезімнің балынан жесем де,Зарына кезіктім шақырып.Жұрт тыныш, ел мен жер есендеӨлеңге табылып тақырып.               ***Жанымның  жарасын ұғын,Тәнімнің санасы мығым.Мазалап, жазалап болсаң,Кел-дағы алдыма жығыл. Сезімді сел болған сөндір,Қапасты қара күн төндір.Болмаса басымды қатырмай,Мені де ажалға көндір. Кетейін өмірден солай,Жүргенше хақ іздеп бұлайЕндігі тірлікте қалғанҚоймаспын өзіңе ұнай. Бітсін тез өмірмен айқас,Болсын тез, садақа, бәйгі, ас.Тағдырым – жалғызым менің,Мәңгіге жаныма жайғас.             ***Күнәм болса, сүрлегенКінәм болса білмеген,Күнім болса сүрмегенТүнім болса кірлеген Құлдарына жақ құдай,Кешіре ғөр ақ құдай! Әнім болса басынғанСәнім болса шашылған,Жаным болса ашылған,Қаным болса тасынған,Сабырына сақ құдайКешіре ғөр ақ құдай! Төзім болса төзбегенСезім болса сезбеген,Сөзім болса көздеген,Кезім болса өздеген,Көгімдегі бақ құдайКешіре ғөр ақ құдай!          ***Сөз бастасам, өтінеҚапасты ойдан құтылардай көңілдеҚара сағат, қабырғаға қадалғанКуәсің сен тағдырдың мың сәтінеТалайды әкеп өміргеТалайлардан жан алған. Болар ма екен достасуғаСізбенен?Қара сағат қабырғаға қадалғанКуәсің сен қоштасуғаЖүздегенАдамдарды алыстатқан адамнан. Сынаптай сәт тіршілікте жоқ ісің,Сырт-сырт тағдыр сенің үлкен үлесің.Жүректердің қосқан бірге соғысын,Кездесуді тағы сен тек білесің.Қара сағат не өтпеді басыңнан?Ырғағың сол бірақ шерлі кейде әнің.Мен де жалғыз өстім сендей жасымнанӨткен ұмыт, ал болашақ беймәлім. Сен жеткіздің әуеніңмен тұрақтыМахаббаттың келіп, жылдам кетерін.Қара сағат қуанттың да жылаттың,Не етемін?! Нұрлы шақтар өтті-кетті, күрсінбен,Шын бақыттың шымылдығын енді ашам.Жүрегімнің дүрсіліндей сыртылмен,Өлерімді естіртесің сен қашан?                     ***Кешіре алсам, кешірермін бір күні,Жалғыздықтай  жынды қылған түрпініМезгілінде ұмытылған күлкіні,Сонда отқа лақтырармынӨзіңніңҚұлың еткен құмарлықтай түлкіні. Лақтырамын сосын отқа сезімді,Бақсыз қылған жастығымдай кезімді.Ұмыт менің қолдарымның ыстығын,Жерге таста, таптап-таптап сөзімді. Кешіре алсам,Кешірермін, көр, сеніп.Өшпесе әлем көз алдымда теңселіп.Кетпесе жел боранымен еңсеріп,Қоштасудан кейін қалсам аман-сауСенсіз өмір сүру үшін белсеніп. Кешіре алсам, кешірермін ақыры,Нұрлы күнді жынды түнмен сапырып,Жырларымнан жұлып тастап тақырып.Сыр-зарымды мыжғылап, Тірлігімді қайырымға шақырып.Кешіре алсам, кешірермін ...                       ***Мен білмеймін не күтемін таңымнан,Ертең атар рауандап?Кім табылады сын сағатта жанымнанКімдер кетер жамандап. Құша алам ба бақытты көк, жер тіреп,Бір-ақ минут, бір рет.Соған жетсем, ей, мендегі шер жүрек,Жылай көрме діріл ет. Мен білмеймін, кімнен жүрмін бата алып,Неге отырам қақшиып?Тіршіліктің нағыз құлы атанып,Неге жүрмін басты иіп. Өтуде өмір, қыркүйек те салқындап,Өлім жайлы қаңғып ән.Ақырғы сәт соққан кезде алқымды ап,Елге немді қалдырам?                 ***Қарашада құса болған көңілгеКім тұрады араша?Кім тұрады араша?Өлімнен көп жеңілетін өміргеНеге үндемейді қараша? Қарашада ғаріп болған жүректіңКім табады дертін дөп?Кім түсінер, тірек кім?Неге өзімді күйдіреді  өртім көп. Тәңірімдей  басынып,Аяулымды келмес жаққа асырып,Тірлігімді көкке ұшырған ажалдыНұрлы күнде шоқ құшырған тажалдыКім тоқтатар бас ұрып?!                     ***Жанымда бір көңілсіздеу жатыр әнCен таңданба.Кейде соған өлең іздеп отырам,Жұрт ұйқыда таңдарда. Күлкі жайнап бет пердемПеріште кеп құлағыма сыбырлап,Ұйқас сыйлап кеткендей,Тез қуанам жыбырлап. Сосын жылдам мұңайып,Сыймайтындай қара жердің бетіне.Жынданғаным – бір айып,Қашып елдің шетіне. Күлме маған, өзім де ұқпай отырам,Мінезімді ғашықтыққа жалданған.Жанымда бір көңілсіздеу жатыр әнСен таңданба.                  ***Шамам жоқ шарт кетіп өлугеЖаныңа жақындап келуге.Тәңірім, жарлығың жөнді ме айтшы өзің,Жүректі  жүректен бөлуге?! Тәңірім, мен бе әлде жазықты?Тағдыр тор қайда да қазыпты.Ғасыл мұң ғаріп етіп тапқандаҚоштасу-қайғысын жазыпты. Ғұмырым қалайша қырқылар?Тек сол деп жанарда жыр тұнар.Мен олсыз жүре алман жалғанда!!!Құштарлық қақпанда жұлқынар.  Тәңірім түйгенім,Сол менің сүйгенімОнымен жұмақтай күйдемін.Мені одан айырма, қайрыл да,Әйтпесе ажалға қи мені.              ***Оқыма жырды зар тұнған,Енді өлең жазбан антұрған.Тәрк  етем бәрін, тек қана,Шабытты қайтем шарқ  ұрған?! Сезімді тастап сұлатып,Сауықты жүрем ұнатып.Миымнан сені шығарам,Басымды ауыртпас сыра түк. Жақындай көрме маңыма,Кек толды қоңыр қаныма.Түнімде әнмен оралам,Не тілек айтам таңыма? Құмарлық құрып мазақтай,Сағыныш кетсін тозаққа.Осылай сенсіз күн кешем,Бақытты болғын о жақта...                ***Әйелдік тағдырдың торындаЕркектің сан мұңы жолымда.Жалғызбын деудің де орны жоқ,Ұлым бар үмітім- қолымда. Түндерде тозақтай тоңғанымБолмаса, ақынмын-ол бағым.Өлеңім,Сен барсың өкінбен,Басыма қайдан кеп қонғаның?! Тірліктің ауырын сезініп,Жыладым, тек кетпен безініп,Бақытты күтуден жалықпай,Жүремін мұңдарға езіліп. Болсын деп, намыс- хақ, ар-мәндіТілекті, тастадым талғамды. Тек Аллам кешірсін ақтық күн...Жек көре алмадым жалғанды.