ВЕРНУТЬСЯ

Сүйгенім  де сенгісіз сүймегенім,Күлгенім  де белгісіз күлмегенім.Жағалауда  өзіңнен  бақыт таптым,Құмарлық па, сезім бе бұл дегенің? Төзімімді  тағдыр  сан сынап едің,Ұшып  тұрдым  үмітсіз  құлап едім.Бақытым ба, сорым ба, бұл кездесу?Құшағыңда  көз  жұмып  тұра бердім. Құшағыңда  қалсам ғой мәңгілікке,Жалғыздықтан  құтылып  сан күдікпен.Сол  күндерді таңдар  ем  жұмақ емес,Айырбастап  арманды  таңғы  үмітке. Қолдарыңнан  сезіндім  жылылықты,Ғашық  еткен  жаныңның  сырын  ұқтым.Менің  құрттай өмірім – сен ғанасың,Болмысыңмен  өлшеймін  ұлылықты. Сүйдім рас, бақыттан гүлдегенім,Ертеңімнен ештеңе білмегенім.От құмарлық, өткінші сезім емес,Мен  аңсаған  махаббат  бұл дегенің!                    ***Арманымдай аяладың, алдадың,Қиял болып қаштың неге қалмадың?Сағыныш боп енді жанды сарғайттың,Одан асқан сірә менде бар ма мұң? Үмітімдей әлдиледің үлбіреп,Сырлы түнде шаттығымды кім білер?Тілегімді тәтті тауып алдың да,Жүрегімді кеттің сосын тілгілеп. Бақытым деп құштым сені жасырмай,Құштарлығым қара кеште басылмай.Қайта оралмас күндер мәңгі жадымда,Қайталанбас бейнең маған асылдай. Қыранымдай биік ұштың аспанда,Жырағыңда құшағымды ашқанда.Жұлдызымдай қайда жүрсің жарқырап?Теңіз-қайғым толқын болып тасқанда.                      ***Сыртта сәуір, сәнді көше майысып,Мұң  мәз  болды, күлкі құшқан жәй ұшып.Кешір, енді сені күте алмаймын,Сағыныштан  құрттай  жүрек қайысып. Қарлығаштар  оралғалы көп болды,Соларменен  биік  көктем шоқтығы.Қармен  бірге ызғарлы жел жоқ болды,Бір хабардың сенен ғана жоқтығы... Өрік  гүлдеп, қайың жарды  бүршігінЖылғалардан  жылдам-жылдам  су ақты.Шабыт шалқып, жыр иірді ұршығын,Күн жымиды: «Өмір бар деп шуақты». Сыртта сәуір, жұрт та  зәру көктемге,Тек  мен ғана өмірге  өгей жандаймын.Қарлығаштар  қанат  қағып жеткенде,Кешір,  енді сені күте алмаймын.                      ***Шағынатын шық таппай жүремін мен,Арманым мен үмітім бір күнде өлген.О, тәңірім, періште жүрегіммен,Сенгім келген, сонан соң сүйгім келген... Сенгім келген сезімнің ақтығына,Алматының жұлдызды аспанына.Ол мәз болып тәндердің шаттығына,,,Сүйем,, деді мені ме, басқаны ма? Мені ойлады, басқаны құшып, күліп,Өзін сосын алдады өзгелерді.Уақыттың шыдамы ұшып тұрып,Көктемдер де көңілсіз кезге келді. Тәтті түстің түріне қанбас көңіл,Аңызақ боп адасып күлкім желмен.О, тәңірім, бұл неткен маубас өмір?!Мен біреуді мәңгілік сүйгім келген....                  ***Жағада жалғыз қап, жабықтымСен болсаң, мұң білмей күлер ем.Өмірім өзіңсіз бос екен, жаңа ұқтым.Сол  жайлы бұл өлең. Құшардай сен кенет мені кеп,Толқынға жақындап үмітпен,Сағындым, келсеңші берірекТаңдаулым қазақта жігіттен. Бұл өлең сағыныш жайындаДегенім, сен жайлы білерсің.Бәлкім сол алдағы уайым да,Өмірім - реңсіз. Теңізге соны айттым, жасырмайОл маған сенгендей, зор үнменШағала ән салды қасымда,Бағымды әйгілеп сорыммен. Сағыныш сен десе төзімсіз,Жанымда қайтсем сен жүрер ең?Жағада қапасты күй кештім өзіңсізСол жайлы бұл өлең.                     ***Сағынышты уақытпен жуа алмадым,Шырынына шабыттың жұбанғаным.Бәрі -  сенің қолыңда білесің бе?Өлеңім де, күлгенім, қуанғаным. Азық етіп әлі де ақ таң барын,Ұшты-күйлі бақыт іздеп аттанғаным.Бәрі -  сенің қолыңда неге екені?!Сәттілік те, сәтсіздік, шаттанғаным. Сөзін алмай алдымда ұлы ағаның,Күлкілерді тәрк етіп жылағаным.Бәрі-  сенің қолыңда, сенің ғана,Сүрінгенім, сынғаным, құлағаным. Сен жүргенде қиялдың түстілігі,Сенсіз іңкәр көңілдің ұшты гүлі.Мен күңіңе айналсам, қайран қалма,Ол – сүйікті Алланың  күштілігі.               ***Кәрі Каспий өзіне қаратадыБір сыр бағам.Сіз жайлы айтар ма еді?!Толқындарды үздіксіз жаратадыБірақ, маған ол сізді қайтармайды. Жаным менің жазықсыз ауырадыЖағалауда аралда қалғандай боп.Дүниенің дүрмегі табыладыБала толқын, қарт теңіз, аймаңдай көк. Үнсіз ғана мен жүрем, әлем шулапӘн салады орынсыз шағалалар.Кеудемдегі тіршілік әрең тулап,Кінәм де жоқ біреуге таға қалар. Шағаланың тербетіп тылсым әніКөкке қарап дәметіп шапағаттан.Ай сәулесі әл бермес құрсын бәрі,Өлсем осы өлейін махаббаттан. Меңіреумін, селт етпей шыңдаса ойБірде жылап, бір сөйлеп тас бейнемен.Менің жазған жырымды тыңдаса ғой,Жетісудің жігіті Каспийменен.               ***Жанғанда сезім гүл атып,Жанымды  қойдың жылатып.Ғашықтық  күшін сезіндім,Қалдым да сені ұнатып. Арманым  болдың  бүгінде,Бақ  табармын ба  түбінде?Азаптың бәрін бер маған,Сен жаным ылғи күлімде. Жанарың жарқын  жасындай,Жымиғаныңда  тасынбай.Бақытты болып  кетер ем,Бір сәтке болсам  қасыңда. Таусылар  тағдыр  сүргіні,Келер деп  күтем бір күні.Сағыныш  мұңды мен кешем,Қайғысыз  өмір сүр күнім!              ***Мені тағы да жылаттың,Рахымсыз, жауапсыз қалдың да.Несіне ұнаттым,Гүл аттым?Не күшің бар еді алдымда? Мені тағы да мұңайттың,Санамда  сағыныш  сүмбілдей.Көркімді  көмгенде құмайт құм,Келерсің,Келмессің,Кім білген?! Сұлулық  жүзімде өлгенде,Қажетсіз қап-қара сүрмең де.Саңғыған сезімің сөнді ме?Рахымсыз,  жауапсыз  жүргенде...                  ***Жүрегімде жазулы тұр есімің,Күнәм болса, Аллам берсін кешірім.Сол жағада  сені  күтіп  жүрмін мен,Айтшы жаным,Қандай сенің шешімің? Бар санамды билеп  алды болмысың,Ащы мұң  мен сағынышқа толды ішім.Жауабы жоқ  хаттар жазып  жалықтым,Көкіректе көктемгі арман солды шын. Кәлима  оқып, көк мешітте отырам,Үміт емес, қайғы-қасірет татыр ән.Сені сүйіп,  жан  дертіме дауа жоқ,Көп  кінәмді жанарымда батырам. Тұла бойда  тыпыршиды құмарлық,Тәңір сені  жаратқандай  сыңар қып.Оразада оралсаң  ғой сүйіктім,Меніменен  Аллаға іс қып ұнарлық.               ***Арманым  болдың кәдімгі,Қазақтың қайсар  бір ұлы.Құштарлық  басты  жанымды,Жүректе қайран жыр ұлып. Күтумен  көзін талдырар,Біреуге  асқақ  арумын.Жақындап  келсең  жандырар,Сәулеңе  сенің  зәрумін. Ағымнан  айтсам  жарылып,Көктеммен  кетті  бар үміт.Өмірдің  мәні қалмады,Сағындым  сені  сарылып.         ***  Дүние даңғой,Тар өңір,Азаптың түрін сан тарттым.Бір болсақ  деуші ең  бар өмір,Қалайша  жолда  жалтардың? Алқымнан  алса  аңсарым,Сезімді  сабыр тұсасын.Оянам  жылап  таң сәрі,Түндерде  кімді құшасың? Қызғаныш, арман, беу сезім,Қай  жерде  қақсып қаласың?Тек  сені сүйем  деуші едің,Жанымның  жазшы жарасын,Қай  жаққа кетіп барасың?                *** Кештерде  күткенім  күлімдей,Еш  жерден  таба  алмай  күнімде.Түндерде  сезгенім,КезгенімБәрі  де қала ма білінбей? Сағыныш  селіне  төзгенім,Сүйгенің,Сенгенім  сөз  бе еді?Жүрекке  дерт  толды  дауасыз,Іңкәрлік   жас  болды  көздегі. Миымда  мазасыз  сыр  толды,Үйімде  үмітім  құртылды.Құшағың  жұмақтай  аңсатты,Ернімде  елестен  жыр  тұнды. Арманым  азаптан  тілінді,Ойда бал,  у жеді  тілімді.Тойыңда  қасыңда  болмадым...Бойымда  кім  басар  дірілді?!            ***Бар  төзімім  таусылып,Жан  сезімді  ұшырдым.Елесіңді  қаусырып,Келмесіңді  түсіндім. Сағынышқа  батармын,Құмарлығым  азайып.Өткенді  ойлап  жатармын,Ол  бір  түстей  ғажайып. Ұйқым  қалып  төсекте,Таңды  көзбен  атырам.Уақыт- емші  десек  те,Тұрмын  сол  бір  сатыда. Сені  әкеткен  ұшаққа,Қол  бұлғадым  күшіммен.Елесіңді  құшақтап,Келмесіңді  түсіндім.                    *** Жағасында  теңіздің  жылап  тұрмын,Қиылмаған  некесі  қалыңдықтай.Көзден  шаттық  бұл  күнде  жырақ  сырғып,Би  билеп  жүр  толқындар  халімді  ұқпай. Сұқтанады  сыртымнан  серілер  мың,Сырын  оның  уақыт  сараптасын. Сені  сүйіп  сезімге  берілемін,Алла  баста  адам  ғып  жаратқасын. Сені  қалай  ұмытам  құшып-болып,Ынтық  сәттер  көлбеңдеп  сұр  елестей.Жем  іздейді  шағала  ұшып-қонып,Менің  мұңым  ол  үшін  дым  еместей. Сол  жағаға  тағы  да  келіп  тұрмын,Бір  сапарға  шыға  алмай  кемелермен.Шабытымды  сағымдар  еліктірді,Жыр  оқиын  деп  едім  сенер  елге. Сағынышым   жанарда  бұлақтар  боп,Балбыраған   бақыттан  күй  есімде...Сені  аңсаған  көңілде  сұрақтар  көп,Қайда  жүрсің?Сен  мені  сүйесің бе?                          ***   Құмды  сүйем,  сен  жүрген  ізің  бардай,Ернім  жанып,  елестеп  жүзің  қардай.Бал   түндердің  базары  тарқағасын, Жаз  жабырқау  болғанда  күзім  сондай. Бірге  жүрген  күндерім  қалды  қараң,Демің  өртеп  тұла-бой  балбыраған.Қалай  бәрін  ұмытып  кеттің  екен?Тән  тәнті  боп  көркіңе  жан  құлаған. Бірге  оянған  таңдарым  болмағандай,Не  естелік  қалды  екен  қолда  қандай?Жарықтан  да  жасырып  сүйетін  ең,Құшағыңнан  жібермей  қорғағандай.    Желді құшам, ауада  лебің  бардай,Болмысымды  баурап  ед  демің  балдай.Енді  отырмын  құдаймен  келісе  алмай,Жалғыздықтан  құтқарар  емің  қандай?!                         ***  Бейжай  күндер  өткеннің  үлесінде,Сенесің бе,  сөзіме  күлесің  бе?Ғашық  болып  өзіңе  қашық  болдым,Қарашаның  қап-қара  түні  есімде. Жақыным ең,  солайша  алыстадың,Арманы  жоқ  көңілден қалыс  бағым.Әйкел  таққан  әдемі  ару  едім,Еркелікті  ерлікпен  жаныштадың. Тағдырымды  сен  менің  білген  бе  едің?Арпалыссыз   алаңсыз  жүрген  едім.Сырластым  да  сәріде  зәрем  қалмай,Мұңсыз  күнді  сонан  соң  сүрмегенім. Сезім  толды  кеудеме  сылқым  үнді,Содан  бері  ұмыттым  күлкіні  де.Жүрегімнің  төрінен  орын  бердім,Қарашаның  қап-қара  бір түнінде.           ***Сағындым  сені,Жалғыздық  бұрапБәскіл  мұңдардан шаршадым.Қайтермін  бірақ?Шақырымдарды  қанша  мың? Ынтызар  болдым  көрмекке,Ештеңесі   жоқ  жұмбақтар. Тағдыр  жолымды  өрмектеп,Қоштасты  жазбен  гүл бақтар. Сағындым  сеніСағыныш  күндер  сылбыған.Түнгі  азабыма  қанық  таң.Тек  іштей  ғана  шыңғырам, Зағипаң- менмін  зарыққан!                 ***Рахымды  жаныңды сағындым,Тәңірім  сабырды  өлшеген.Үмітім  бәрібір  жағылды,Сан  рет  сарылып  сөнсе де. Ақылды  көзіңе  құмармын,Ақынның  сөзіне  илансаң.Мен  саған  өмірлік  сыңармын,Қуансаң, қайғырсаң, қиналсаң. Арманым - бір  болу  ашық  түн,Кеште  де  жұлдыздар  жанбаған.Тағдырым  ұқсаң  ғой  ғашықты, Аңсаудан  арыла  алмаған.                 ***Жоладың  маған  несін  сен?Ұнаттым  сені  не  үшін  мен?!Тіршілік  тыныш  быт-шыт  боп,Жаңылдым  енді  есімнен. Сезімді  сөнген  үрледің,Тәнімде  сұмдық  жүр  менің.Кездесіп  бейуақО, жалған,Кіл  ғаріп  күндер сүргенім. Миымда  қонып  мәңгі  арманЕртегі  күткен  таңдарданЕркелеу  ақын  қыз  едімОпырылып  түстім  заңғардан. Тірлігім  қалды  тегі-үмітҚиялға  шындық  жегіліп.Құлы боп кеттім…Өлеңім?!Өлеңім  қалды  егіліп.