ВЕРНУТЬСЯ

Қалтырайды көктемге терек жетпей,Айбынды аяз қалада қыдырады.Мен отырам, ешкімді керек етпей,Тек ән салса болғаны Қыдырәлі. Басым бос, бостандық несібе ме?Нәзік көңіл көкке ұшар қанатында.Ерке қызды қинап қыс есіре ме?Жүрек зорға тірінің санатында. Төркінімен мейірім жоғалады,Пенделердің несі бар жер үстінде?Сезімдер ме?Оны алдап көкала қып,Соңғы үміті өлтірген теріс түнде.Шылымдардың түтіні ауаны улап,Шараптардың шаттығы ойды бұзған.Мен түк таппай көзімді алап сулап,Есепке алмай думанды, тойды қызған. Жер бетінде не қалды ұрпақ алар,Жайлап алған жауыздық басы кеткен. Қара қарға қарқылдап сұр бақ қалар,Сосын кәрі қарағай жасы жеткен. Шымылдығы бақыттың ашылмаған,Өлеңім де жүректі жылыта алмай.Ләззатын қара түн жасырмаған,Мен жүремін бір жанды ұмыта алмай...                ***Жетпейді саған еш адам,Жоқ сендей сұлу әлемде.Жауабын мұның шеше алам.Мендей ғашық жоқ бар елде. Тек сенің күлкің керегі,Ұқсамайсың сен ешкімге.Ақын емессің, өлең қорегіНазы таусылмас «бес күнге». Атақты емессің өзгеше,Былайша көптің бірісің.Сенсіз фәниге төзбес ем,Ерекше тіпті тұрысың. Көрсем күй кешем есалаң,Жоқ сендей адам әлемде!Мәнісін мұның шеше алам,Мендей ғашық жоқ бар елде.