ВЕРНУТЬСЯ

Сәуле шашпай, сыр түйіп кешім күміс,Сағынышқа тұншығып көкірегім.Шаттанғаным соңғы рет есімде еміс,Көңілімді көтерші, өтінемін. Ән айтып бер, Шәмшінің әні болсын,Елітсін де ерітіп сипаласын.Әуенімен жанымның сәні толсын,Шаштарымды сазы оны ұйпаласын. Ән салмасаң, оқып бер нәзік өлең,Махаббат па, ғашықтық жәйін айтсын.Өлсем осы сезімнен азып өлем,Қалтырайды қаңтарда қайың қайтсін?! Биге шақыр, ойнағын домбырада,Шаңға батқан гитарды қолыңа алып.Құмарлықтың кемесі болдыра ма?Күнәларға көмдірер солын танып. Көңілімді көтерші, шаршап жүрмін,Алданамын, сенемін барлығына.Талықсыған оймен таң қарсы ап жүрмін,Жалғыз қалдым, жасаған жарлығы ма?Көңілімді көтерші, шаршап жүрмін...              ***Жек көргенім де жекіріп,Текке өлгенім де бекініп.Жылағаным да өкіріп,Қуанғаным да секіріпБәрі де – өтірік!  Сағынғаным да тамсанып,Шағынғаным да жан салып,Шаттанғаным да ән салыпАқталғаным да қарсы алыпБәрі де – жалған! Сезінгенім де беріліп,Көз ілгенім де керіліп,Азаптанғаным желініп,Мазақ болғаным теріліп,Бәрі де – сұмдық! Жалынғаным да кетпе деп,Жын ұрғаным да өкпелеп,Шабыттанғаным  төкпелеп,Бағыт тапқаным шоқ, бөлекБәрі де – ойын!