ВЕРНУТЬСЯ

Жылдар салып, жырақ кетіп,  келмесем,Құшағыңа жиі келіп енбесем.Далам, мені өгей санай көрмегін,Өшің қалып, кеткен жоқ қой менде есең. Заманымның жеңіл тұсын термедім,Жырдан жасап жан-дүниемнің өрнегін.Тұман кешіп, түтін жұтып тұншығып,Оралғанда сен жатырқай көрмегін. Жусаныңның жұпарына шөлдедім,Күлкім қашып, мұң шалқайды - төрдегім. Сені сүйем, сен үнсізсің.Бірақ та...Мен жауапсыз махаббаттан өлмедім. Маңғыстауым, менің маңғаз мекенім,Жайнап келеді ішке тартып секемін.Сенде туып, сенен кетіп түсіндім,Туған жердің мұнша қымбат екенін.                    ***Сөздер емес, сезімдер дәптерімдіАйналдырып махаббат майданына.Мұң аймалап отырған шақтарымды,Айырбастай алмаймын  тойларыңа. Адамдарды тіршілік құл еткенде,Кілттеніп ап отырам ойларыммен.Терезеден жып-жылы күн өпкенде,Мойнын бұрып қайыңдар бойларымен. Сыбдырлайды, сөйлей ме жапырақтар?Сап-сары боп өкінбей тұрғанына.Мен асыр сап ойнаған атыраптар,Шалқыса ғой, батса ғой жыр балына. Далам менің!Мен сенсіз таблымаймын,Сенсіз менің бұлыңғыр бағытым да.Бақыт іздеп, ел кезіп сабылмаймын,Бар бақытым тек қана шабытымда. Туған елім!Сен аман тұрсаң болды!Батасынсыз елімнің қыр баспаңдар!Көздерімді жол жаққа бұрсам болды,Мұндалайды тумаған жыр-дастандар.