ВЕРНУТЬСЯ

Өмір қиын ба?Қиын ба әлде қыз-ғұмыр?Мұңдар сыйың да,Мекенің мәңгі сызды үңгір.Махаббат –жалған,Сезімдер деген құмарлық.Зор бақыт – арман,Қызықтар біткен ұнарлық. Ал, достық - арзан,Сыңары болып сатқындықы.Қағазда бар заң,Қоғамға бірақ жат шындық.Біреулер күліп,Біреулер жылап жүреді,Бірісі  - жүлік,Сайтанға құлақ түреді.Дүние –орман,Өртеніп бірде жоқ болар.Ажал көп сорған,Ақырзаманда тоқталар.Сен ымдай бердің,Арнап өлең мен әнңіді.Мен қымтай бердім,Нәп-нәзік бұла тәнімді.                   ***Сарқырама сезімдер секілденіп,Долданады жатады құлап ағын.Мені сақтай алмадың кесірленіп,Қабірімнің  басында жыламағын. Сені сүйдім, өлімнің мен таласы,Табиғаттан сый тілек теріс пе еді?Тірлігіңмен тату боп сен қаласың,Тағдырлары тәңірдің беріспеді. Армандарым  әшекей  әлектеніп,Шарап ішіп шаттанған шаруадай.Өмір –сұрақ, махаббат пәлек теріп,Жалғандықтан жанады жаным ұдай. Өлең – үміт, тек сол-ақ сендіреді,Зәулім-зәулім сеніммен беттегенім.Сезім мендік маңайдың мөлдірі еді,Бармақтай-ақ  бағыма жетпегенім. Байлық-бақыт, біреудің жаңбыры көп,Көбеймейді көктемде сұр кем-кетік.Ұлылық та, ұлық та, мәңгілік жоқ,Қалатыны артыңда бір төмпешік.                    ***Таң атқанда тезірек күн болса да,Сосын кермек қымыздай кешті күтем.Жазған қала санама кіл толса кек,Өкпелеме, қайғымды өстіп түтем. Шарап ішпей, сыра да ермек емес,Тағдыр менің тұзымды тауыспады.Түн өбеді, ернінде жөргек елес,Маған басқа пейіші ауыспады. Түн сүйеді, беймәлім сезімдері,Тамызықты ала ма адамдардан?Төзімдердің бүркенген бозінгені,Бұлқынады, жалғыздық одан қалған. Алдансам да, алдымнан тағзым күтем,Мамық түннің мамыры мауық баспай.Жыр жалтарып екі жол жаздым, бітем,Ақыл ашып, сөз сиқыр тауып шашпай. Түн кетеді, тағы таң келтіремін,Көрмеген боп қателік, ағаттарды.Мен осылай оп-оңай өлтіремін,Мың  алтынға түспейтін сағаттарды.                 ***Атымды сұрасаң – Анармын,Затымды сұрасаң – ақынмын,О, бастан өлеңге жақынмын.Күн туса, жыр-жамбоз жолында жанармын,Шабыттың шенінде өлуге дайынмынЖалғыздық, күйкі өмір, жәйім-мұң. Алланың жазғанын кешемін,Тәттісін, ащысын, азапты неше мың?!Дүние даңғаза думаның алдаса,Дариға зарықтым, тірлігім –тағдырдың ермегі,Пенделер қауымы қайғымды көрмеді,Қаталап, бір шыны шуаққа шөлдедім. Дүние, шындығың, сезімің далбаса,Мен үшін.Мұңымды ұғар кім?Сен үшінМен деген шамалы бір шйыр шығармын:Сезімге өртенген,Өлеңдей дер емгенКөңілін... ӨмірімБітеді екен ғой ішінде бір демнің,Несіне өкпелеп келгенмін?!Дариға,Затымды сұрасаң,Жасымды ұйірдім.Дүние,Датымды сұрасаң,Бақыттың базары кімдерге бұйырды?!        ***Аллам,Кеш арманымды,Ұмтылған тек биіктерге,Қолғабыс бола алмай сүйікті елге:Тек жырлар арнағанымды,Байлығым – бар ғұмыр жиып-терген. Шақтарда сезімге еріп,Жастығым-кезімдей желік.Ұмытып ұлы істер барын,Тілекті тілгілеп жарым,Тек сосын өзіме келіп. Сен жайлы һәм ел жайлы,Ойларға берілгенімді,Жайдарлы жеңілгенімдіЕң игі мақсатым өліп,Өзімді сормаңдай көріп,Жылағам жасырмай жұрттан,Төзімді солайша құртқамӨзімді солайша түсіргем,Гүл үміт солайша үсінген. Аллам, кешіресің бе?Сұраймын несін тесіле,Күлемін несін есіре?Жылаймын көшім кешіге...Жолында туған елімнің,Кіндігім жуған жерімніңТағдырға көз жұмсам өшіге,Сен  мені кешіресің бе?Аллам...