ВЕРНУТЬСЯ

Көргім келген шақтарда сізді ғанаӨлгім келген қиялдың көрпесінде.Тірлігім мен ұйқымды бұзды қала,Мендік бітпес мұңдардың өлкесінде. Сағынғанда  сезімге дауа болмай,Жалынғам да бейнеге қабырғада.Жалғыздықтан жынданғам жауап алмай,ӨлеңімненБағынбас сабырға да. Қиналғанмын,Кеште әсем сізді көрмей.  Жиналғанмен  бармадым.Жандыңыз ба?,,Келер,, деді үмітім үзілердейӨлең жаздым шашуға алдыңыздан. Көргім келген шақтарда сізді ғанаӨлгім келген…      ***Гүл қала еді.Атанды күзгі қала.Сағынтатын сазымен сізді ғана,Менсінбейді бұл қала жырларымдыӘлі санап жүр ме екен бізді бала?! Көктем еді жайнағанКүз басынды.Ызғарлы кеш арманым құз басында.Бала кездей сыр айтам көк терекке,Мені күтіп тұрсаңыз  сіз қасында. Көк терекке жүгінемБала сынды.Түсінбейді бұл қала қарасымды.Сізді күтіп қаңғырам қара басым,Жастығымды өткізбей жарасымды. Өлең өлмес десем де,Жырым тәмам.Орда  бұзбай  өртенген түрім жаман.Сізге ғашық болғаным-бар айыбым,Күнәсі көп қалада сырым аман,Көкте құдай, жерде сіз, жырым балам.                    ***Жалғыздықтың құшағында жалықтым,Жалқы өткен күндерімнен өзіңсіз.О, тәңірім мейіріңе қарық кім?Ернім - құрғап қалған теңіз, көзім - күз. Құштарлықтың қақпанында қысылдым,Құмарлықты қайтем енді құрықсыз.Қалай ғана құшағыңнан ысырдың?Өртеп  тәнді  еріндерің  тұрып  сіз. Қалада  бақ  ырғалғанда  қайыңсыз,Жұлдызды  түн  жымыңдаса  үр қылық.Ұмытарсыз мені тез-ақ уайымсыз,Сізге жазған өлеңдерім жыртылып.                  ***Түн күледі, тілегі оның төзімсізМенің нәзік күлкімсіз.Бәрібір де менің күлкім, көзімсізСіздің өмір сүйкімсіз. Суық күндер тұрып алды малданып,Өз дегенін қылар қыс.Тіршіліктің тәттісіне алданып,Сосын қайта жыларсыз. Таң атады, сосын жылдам кеш келіп,Жалқау тұман жайлайды.Менмендіктің машақатын ескеріп,Тәңір бақты байлайды. Жүргенменен  бақытты  боп  өтірік,Сағыныштан ауырсыз.Қарт  Каспийдің  толқындары  өкіріп,Шағаласы сабырсыз. Ойларыңыз  орын  таппай  қаңғырып,Арман, мақсат  жүйесіз.Жүргеніңіз  бозбаладай  мәңгіріп,Мені  өлердей  сүйесіз.            ***Көктем күні көңілді,Тым көңілсіз жүресіз.Мені көріп,Қуанасыз күлесіз,«Тағдыр бізді айырмасын өмірдеЕң сұлу сен өңірде». Дейсіз-дағы ғайып болып кетесіз,Мұны өзіңіз білесіз.Қайтып күзде келесіз,Екеумізге ортақ өлең – бастыны,Өр кеудеде шабыт тұнып- жас қылық,Қарашаның хас түні.Жатқа оқисыз, Күнәдан пәк сезімімді  мас қылып. Күзбен сіз де өтесіз,Қыста ғашық етесіз.Ал, мен үшін мынау жарық дүние,Пенделер мен жеке Сіз.Замандастың заты бөлек үніне,Құлақ аспай сізді күтем күніне,Мұның бәрін білесіз,Біле тұра кетесіз.Ең сұлуды ең бақытсыз етесіз.        ***Сіз ұмытқанда,Мен ұмытпағам.Сағыныш  ұлып  таңда,Түнімде  жылытпаған.Ақтаудай  жас  қаладаКүй  кештім  мас, қапырық.Сіз  болса  Астанада,Ел  жайлы  бас  қатырып.Ұмытқансыз,Тамтұғын  тәтті  шақтыңҚұлыптап  сіз,Есігін  бақытымның  қатты  жаптың.Сағыныш  сізге  қарайМені  тартып.Сапарды  ұзақсонар  бізге  қалайҰқтырар  едіңіз  сіз  сенім  артып?!Үмітке.Келесіз  қашан  енді?Жанарда  жасым  жатты  күдікпен.Келмейсіз  тіпті  бұл  ақ  таң,Жанымды  қуантпай жылатқан,Төзімді  төрімнен  құлатқан.Шаттықты  тымық  таңдаМұңдар  құлыптаған.Сіз  ұмытқандаМен  ұмытпағам.         ***Мен сізді сағынамҚұлазып.Тән түгіл, жаным да жүр азып.Көктеммен  күткізген құр үміт,Күндерге  құр азық. Өмір де, көңіл деҚажыды.Сүйгенім  сондағы жазығым?!Аккөңіл  Сенімім баяғыАдалдық -тіршілік қазығыЖазығым?! Хас өлең, мас шабыт,Менің бар байлығымҚазақтың сөзімен өзімді жайды мың.Ал, Сізде көрік  бар келіскен,Ақыл мен сабыр бар сеніскен,Хақы жоқ сізге  ешбір  қайғының! Мұңыма оранып мен өтсем,Демексіз,Жымиып:  ,,Мұның не керексіз?,,.Сізге ынтық  ақын қыз арманы өр кеуде,Күлсеңіз көргенде,Жүрсеңіз  жырақта  жебеп сіз.              ***Көңілсіз  күндер  басымда,Сені  күтемін  сұр  түнде.Неге  келмейсің  қасыма?Көзде  жасымды  сүртуге. Бұл  қалада  жоқ  қуаныш,Көктем  кешікті  сенімен.Болар  жаныма  не  жұбаныш?Жапа- жалғыз  егілем. Әндерім  саған  арналған,Өлең  жазылды  жырақта.Үміт  шақтарда  қарманған,Өзің  жоқсың  ғой  бірақ  та. Сағыныш  сазы  жиі  ақты,Жүрек   жылайды  мұңдардан.Маған  керек  емес  сияқты,Сенсіз  қалған  бұл  жалған.                 ***Көңілімнің  еркін  ашып  есігін,Жүрегімнің  төрін  саған  ұсындым.Өмірімді  арнасам  да  несі  мін?Сенсіз  тірлік  ете  алмаспын.Түсіндім. Тағдырымды  берем  сенің  қолыңа,Жаным   менен  тәнімді  де  қосып  ал.Күнде  қарап  отырамын  жолыңаСәл  кешіксең  келмейтіндей  шошынам. Алла  менен  адамдардың  алдында,Сүйем  сені  құмарлықпен  қиратқан.Енді  мені  жерде  жалғыз  қалдырма,Бірге  өтейік  ақтық  күні  Сираттан.                    ***Жынды  елестің  шуағына  малынып,Махаббатпен  ауырып.Ұшпай  жатып  қанатымнан  қағылам,Құшпай  жатып  сағынам. Бос  арманның  әуеніне  ұрынып,Сезімі  жоқ  бейбақ  күндер  тұр  ұлып.Қашан, қайтіп  ұмытып  ем  құдайды?!Жүрек  неге  жылайды? Көк  мешітте  жығылғанмен  Аллалап,Артым  теңіз,  алға  бассам  жарқабақ.Бақытым  деп  құшаққа  алдым  зілдей  мұң,Қалай  өмір  сүрерімді  білмеймін?!                ***Жауапсыз  қалса  да  хаттарым,Атыңды  құрандай  жаттадым.Нұр  шашқан  жүзіңе  ынтығып,Құмарлық  қақпасын  аттадым. Өзіңсіз  өмірден  жерідім,Жаныма  жоласаң  ерідім.Кәлима  қайталай  беремін,Болсаң  деп  өмірлік  серігім. Жауапсыз  тұрса  да  сұрақтар,Түрім  жоқ  сенен  еш  жырақтар.Басыма  бұйырған  бақытсың,Мейлі  сен  жүз  қызға  ұнап  қал. Ерніңнің  отымен  өртедің,Сезімнің  емес   бұл   селтеңі.Өзіңді  сүйерім  ақиқат,Ертегі   болса  да  ертеңім.                ***Жолыңды  тосудан  жалықтым,Менде  енді  үміт  те  өледі.Қалың  ел  бәріне қанық- ты,Жоқ   бірақ  көмегі. Ақ  қырау  кештен де жоқ қайыр,Тұрғаны  әп-әсем  расында.Білмей  ме, білер-ау,  көк  тәйір,Жәйімді  сағыныш  басынған. Жолыңды  тосудан  шаршадым,Ол  жақтан  жол  жоқ  па  қайтатын?Көліктер  бармай  ма  қанша мың?Көшеде  босқа  өлең  айтатын. Жағада  тұрамын  жыларман,Шағала  шырылдап  зеріккен.Даусыңды  есту де  бір  арман,Телефон  соқпайсың  неліктен?                ***Күтемін келісіп көркім көпКүнде.Маған келер ең, еркің жоқМүлдеХақым да жоқ менің сүюгеСеніСебебін болмайды білугеБілме. Сенсіз дүние қараңДеменҮзілді менімен араңНеге?Қайда ұшты сезімің нанымдыАйтшы....Қайғыны қайтем жанымдыЖеген. Несіне сағынам солып,Еріп.Кетесің көрмеген болып,Көріп,Тіршілік тақпаққа нандың баСолайБарамын алдыңдаӨліп. Айтылмай сөзім қапТілдеҚұштарлық төзімді ап,БірдеАлайда хақым жоқ сүюгеСеніСебебін болмайды білугеБілме!!!          ***ЖаныңАрмандарға тұнғанТәніңҚұр қалмаған жырдан.ЗатыңЖақсылыққа жат емес,Атың басталады нұрдан. ҚаныңБойда тулай аққан,ӘніңМаған құлай жаққанКүлкіңОл тағдырдан сыйыңБір күнСенсіз өткен қиын. КөркіңХас батырдың түріӨртіңСезімді ерткен ұрыҚолыңАлақанға тисе,ОрныБолады он күн жылы. КөзіңАлла нұры ғажапСөзіңМың ойларды қажап.Келсең,Көктем кірер біргеКетсең...Тіршілігім азап.                    ***Кешірем менсіз атқан таңдарыңдыКешірдім менсіз жатқан түніңді де.Несіне айта берем жанда мұңды?Сен - мендік, мен - сендікпін бүгінгіде. Кешірем сенсіз келген көктемдердіБір хабар жеткізбеген өктем желді.Мұңсыз  күн  сені-дағы кешіремінАсқақ  Ай  аласарып  өпкен жерді. Тірлігім  сенсіз рас қиындады,Алайда  Алла жазған сыйым бар-ды.Кеудеге  күтулерден  дерт толғанда,Кешірдім сен тойлаған жиындарды. Ақындық  о  бастағы жүгім міне,Тағдырым  қалдырмасын  түгімді де.Кешірем  тек сен  үшін  барлығын даЕртеңді, кешегіні, бүгінді де.                       ***Сен  жайлы  өлең  басылды газеттердеКүніне сан жаттадым есіміңді.Саған  ұшып  жетер  ем  қажет жерде,Көрінсеңші, болсаңшы кешірімді. Оралар ма, баяғы өмір қайтып?Күн  туар  ма сол күндер кері айналар?!Әлем  менің  мұңыма  көңіл айтып,Жыр оқыды сен  жайлы телеарналар. Сағынышым  жаһанға жария боп,Қайғым мынау.Қаланың кеші күлді.Жұртым сүртіп  жасымды қария  көк,«Бекем деді күткейсің несібіңді». Терезеге  телмірдім  төзім қалмай,Кеп  қалар  деп  бекітпей есігімді.Тағдыр тауып,  көзіңде сезім лаулай,Оралсаңшы, болсаңшы кешірімді.                   ***Елім  бар ғой, егілсем, емізетін,Жерім  бар ғой, жеңілсем жеңгізетін.Тіпті Алматы аспаны  бар пендеге,Мөлдірліктің моншағын тең үзетін. Далам бар ғой, сыймасам паналайтын,Күн  нұрын да сәт сайын жаңалайтын.Аппақ  қар да әлемді құшақтайды,Жел де ұятты, сай-қырды аралайтын. Бұлттар  ғана  бір  кетіп, бір келеді,Сонда  шыңдар  шым батып, бүркенеді.Тұман  басып, табиғат тәнін  жауып,Зираттардан  зарланған  жыр  келеді. Көтертеді  құс  жолы  білегіңді,Айналаңнан  табасың  тірегіңді.Әлем тұтас,  сен жүрсің  өзіңше боп,Мені сүйген түсінбей  жүрегіңді.                        ***Қайда  арманым алабұртқан, қайда бақ?Кім кінәлі махаббатқа кешіккен?!Отырғанда  сен  біреуді  аймалап,Күткеніме  көзімді алмай есіктен. Кім  кінәлі саған деген сезімге?Өртер жиі  қалғанымен  таңда ұйып,Сен  бақыттан  балбыраған  кезіңде,Мен  отырдым сағыныштан сан күйіп. Кім кінәлі?Сен  бөтенмен күн кештіңМаған  ессіз ғашық болған қалпыңда,Ал мендегі ұғына  алмас жырды ешкім,Бәлкім, оқыр қалған қазақ артымда. Жанарымда сол баяғы сауал құр,Жауабы жоқ жолдар жатыр айырықНеге біздің арамызда қамал тұр,Үміттерді айырып?                   ***Мен енді кетем сірә бұл қаладан,Сізден де.Ешкім де керек емес, ештеңе іздемеймін,Тәңірдей сөзден де,Қалайсыз сіз демеймінҚуантып иә мазалап. Сіз-дағы кешіріңіз,Нені бірақ?!Ақын қыз қиялында бүр жарған армандарды,Үміті үсіп кеткен тар маңдайды,Сіз-дағы ұмытыңыз мені жылап. Әкетер мені ертең көкшіл вагон,Тас тағдыр, темір жолдан сақтанам ба?Бақ түгіл, қуаныштар жоқсың маған,Шілдесі шөліркеген жат қалада. Сағынам сізді жанып,Сіз ғана құшаққа ыстық құралайдай.Сағыныш кеудемде өксік мұзды қарып,Түндерде жылай алмай. Қиналсам, қимағаным –кешкен әурем,Сенделер сұр көшеде бетімен мұң.Көк вагон, көшкен дәурен,Сіз мені ұмытыңыз өтінемін.                    ***Арманымның асырардай шоқтығын,Арып-ашып күн кешемін.Далбаса.Бұл өмірде ештеңем де жоқ күнім,Жасы кеппес өлеңдерім болмаса. Шарап жеңіп, сауық-сайран құрғам жоқ,Жасқанбастан тағдыр мұңын жолдаса.Мінезім де жетісіп бір тұрған жоқ,Сені құшар ақ жүрегім болмаса. Атақты емен, дәулетті емен, дарамын,Шабыт қана. Шашылмайды ол да аса,Өмірге бос келіп, кетіп барамын,Сені өлердей сүйгендігім болмаса…                 ***Арманды іздеуден шаршадым,Қырандар көкке іліп әкеткен.Естайдай бірсүйер жар- сағым,Қалғаны сезімді кекеткен. Ойлардан жындандым,Қиялым шынайы одан да.Тазалық түбінде зынданныңТабиғат түнерген содан ба? Ісім жоқ бітіргенКештерде сүрініп құлаймын.Үмітті үлкендер үпіргенБекеттің басында жылаймын. Бақытым-жыр арнам,Соңына мыңдарды ерткен.Мен сенсіз бәрібір тұра алман,О, арман, жылатқан, жеріткен.               ***Көзімді шаттықпен жуғанмын,Басымды миллион ой жегенмен.Бекеттің жерінде туғанмын,Дәм татып мейірім дегеннен. Әйелмін.Тағдырдан ол жазам?!Өзгенің бағына жадырар.Абайдың тілінде жыр жазам,О, тәңір,Басқа арман адыра! Еркемін, өктем де шығармын,Ашуды кейде тез сұлатып.Шәмшінің әніне  жыладым,Бір қазақ жігітін ұнатып. Нәзікпін.Тұрандот емеспін,Жарым бар, тірлікте екеумін.Өмірдің мұңдарын жемес кім?!Бәрібір бақытты екенмін.                ***Өзіңе тағы келдім ақ шағала,Басыма сірә менің бақ қонар ма?Жалғыздық жылатқанда жағада көп,Арманым қарсы алдымнан тап болар ма? Досым жоқ, қасым да жоқ, ешкімім де,Мұң ғана мұндалайды кескінімде.Арайлы аппақ жүзі жарқ етсе  ғой,«Мен келдім, сапарымды кеш күнім»- деп! Махаббат өлмес мәңгі өңімізде,Басқаға  бас ұрсақ та төрімізде.Айнала ұрыс болмай, тыныш болсын,Жаным,  хош, кетейік өз жөнімізге! Мен  үшін сен қымбатсың пенделерден,Жүректе  дертім сірә емделер ме?Айбарлы  мінезіңмен  баурап  едің,Көңіліңе  кәусар  бұлақ  тең  келер ме? Күн  қайда  қуаныштан  күлімдеген,Түн  қайда  қаралығы  білінбеген.Бақыттың  бастауында  әлі отырмыз,Тігулі  шымылдық  тұр түрілмеген. Шағала шамам да жоқ, шарам да жоқ,Сезімім сыңсығанда санамда шоқ.Сағыныш  моншақтары  сусып жатыр,Жолдарда, көшелерде, алаңда көп.