ВЕРНУТЬСЯ

Базарлы бала шағым – жүрегімде,Ажарлы болашағың – тілегімде.Туған жер, қасиетіңнен айналайын,Мен сенсіз мәнді ғұмыр сүремін бе? Сағынсам, саған құстай асығамын,Бағымсың сенде жайнап, тасынамын.Анамдай құшағыңа аласың ба?Балаңдай алдыңа кеп бас ұрамын. Жусаның дертке дауа жайлауыңда,Қусаң да кетпес байлық қойнауыңнан.Сен менің – қара жерде жұмағымсың,Мен сенің құлыныңмын байлауыңда. Арманым теңізіңде қалқығандай,Жанда мұң самалыңа балқығандай.Мен сені тағдырым деп танығанмын,Сен алғаш бал жырыма шалқығанда.