ВЕРНУТЬСЯ

Алматы, кешір, таң мен кештерімді,Өткізген сенен жырақ.Білмеймін, не істерімді?Кеш күлген арманыма кеудем-тұрақ. Үмітсіз жүрмін жылап,Алыстап сенен бәлкім кеткенімнен?!Жаныңа баурап алдың, бірақ,Күлкі емес, мұң тамғаны текке ернімнен. Бәрібір құшағыңда,Тоңбас ем қарашаның күндерінде.Сағыныш сені-дағы тұсады ма?Жібектей Жетісудің түндерінде. Қарайсың өкінішпен,Қоштасқан бір ақынға сырың азық.Мамырда махаббат-гүл, көгерішпен,Күткенде оралады жырын жазып.