ВЕРНУТЬСЯ

Қар жаныңТәнімді жуады.Ардағым –Сендегі күлкінің шуағы. Ән-жырдыҚалайша өзіңнен аярмын?ТағдырдыңТағы сын сағатын кешуге даярмын. Сен үшінЕт кесем етімнен, орын ал санамнан.Мен үшінСендей жан табылмас ғаламнан. Құдірет,Алыстап жүргенсің жақында.Үкім ет,Шабытқа шомылған ақынға!         ***Адасып кетпе,Асығып кеткен едің.Шатасып кеткен,Тағдырға өкпеледім. Несіне жолықтырған?Сүйдіріп, етіп елең.Кешімді толықтырған,Еһ, шабыт, жетім өлең! Адасып кетпе,Бейуақыт кеткен едің.Бағы асып өткенКүндерге өкпеледім. Несіне мазамды алдың?Еһ, арман айдалада.Міне, енді жазамды алдым,Сен-дағы қайда қалдың? Адасып кетпе,Бақ іздеп кеткен едің.Тау асып жеткен,Жалғыздық өткеремін.