ВЕРНУТЬСЯ

Естігім кеп даусыңды,Көктемде күн күлгендеТөзім менде таусылды,Қайың оны білген бе? Терезеге телмірдім,Сені сонша сағынып.Бұл күйімді жел білді,Тағдырға ол да бағынып. Көңілсіз гүл көшелер,Жыр оқиын, естісін.Барлығын да кешер ем,Келсең бүгін кешкісін... Күтіп күзде шаршадым,Жапырақ боп бар маңым.Өткен күндер бал сағымҚайдасың сен арманым?                  ***Сен жайлы ойлағым келмейді,Бүгін де, ертең де.Салынған селтеңгеЖаныма ермейдіҮмітім ерте өлген. Ұмытқым келедіТумаған күндердіЖұлмаған гүлдердіҚалдырған сүлдердіТүндерді. Ойлағым келмейдіСезімдіСені бар көзімдіТәубесі тоналған төзімдіӨзімдіКүтуден таймағанБезсе де айналамКүнәһар болмысыңТірлігім солды шынЖайнаған. Ойлағым келеді жырақтаЖас тамыпБасқаныБірақ та…          ***Хош!Сезім жоқ мендеДос төзімге кенде.Сүйіп те, күйіп те болдым.Хош!Сен де бір пенде. Хош!Әмірі ненің?Бос өмірім менің.Күлкілі қасіретім деҚос!Көңілдің теңін.  Хош!Жасымды тидым.Тос, қалдығын сыйдың.Бақытты сезбедім мүлдем,Хош!Соңғы рет сүйдім.               ***Сағыныштан сабылысқан,Жазымыштан тағы қысқанҚажыдым. Сен кетсең де түнгі қалды із,Ең сұлу қыз күнде жалғызЖазығым? Маңайымда исің қалды кетпей,Сүйгенім бе соңғы реттейБар кінәм? Кінәм емес, күнәм мүмкін?Жария болып бұл ән бір күнЖарқырар. Келгенде ажал құшағына асығам,Қу сезімнің қалдықтары шашыларДалаға. Бабам туған бұл ыстық жерКетем, көрмен!Тыныштық бер!Санама...