ВЕРНУТЬСЯ

Құба жонда жөнелді сағым ойнап,Жарысып,Еркіндікке көсіліп,Құмарлана алысып.Ұзақ уақыт қапаста қалып қойған торғайдай,Шексіздікпен – даламен,Емірене табысып... Шуағымен дүниені мейірлене аймалап,Іздегендей әлдене,Жүгіреді «қайдалап.»Осы кезде алыстан келе жатты бұлт төніп,Жарқылдата,Қолдағы айбалтасын,Қайрап ап... Күннің сол сәт қабағы шытынды да,Аз ғана,Соңғы рет қарады,Сағым жаққа,Наздана...Сосын оны ертті де,Ар жағына бұлттардың,Кете берді жайымен,Маң-маң басып жаз-қабақ...Аспан қалды қап-қара болды-дағы,Түтігіп,Дала жатты шөліркеп,Бір сусынды күтініп.Сәлден кейін шелектеп,Бар қаһарын төкті де,Маңғаз тартты көк жүзі,Тұрғандай іс бітіріп... ...Тағат таппай бір кезде,Бұлттар көшті жөңкіліп,Моп-момақан боп қалды,Жаңбырдан соң  көл тынып.Сусындаған кең дала кеуде кере күрсінді,Тек аспанда байқалды әлдеқандай олқылық... Осы кезде,Күн қайта шыға берді күлімдеп,Қуаныштан бар дүние кетті бір сәт дірілдеп.Күн мен бұлтқа кең дала қарады да кезекпен,Деді «маған ешқашан жат емессің бірің де...»