ВЕРНУТЬСЯ

... Атадан алтау,Анадан төртеуЖалғыздық көрер жерім жоқ.Ағайын бек көп,Айтайын ептеп,Сөзімді ұғар елім жоқ...                           Абай Барар жерім жоқ,Қарар елім жоқНән қалада қаңғырып жүрмін.Досым жоқ даналы,Қасым көп саналыМәңгіріп тұрмын. Адамдай панасыз,Маралдай анасызСағынған кең даласын.Сыр айтар халім жоқ,Шын айтар зарым көпӨлеңім,Жалғыз дос сен ғанасың.Жанарда жас жатып,Бас қатыпКүлкім де қоштасты жел тілек.Мұңыммен мазасыз,Түріммен шарасызАбайда жүремін тентіреп. Хақым жоқ бақытқаАқындайШуақсыз жыр туып шабыттан.Ертеңі белгісізТентегі бергісізҚазақтың мен деген бір қызы жабыққан.          ***Ардағым қашып,Арманым жасыпАлданып жүрген шақтарда.Өлеңім тілсізКөмейім үнсізКөмілем ойға бақтарда. Қинаған өмір,Қимаған көңілТілегім ұшып желменен.Шабытым қашып,Табытым ашықКүттірген көптен келмеген. Үзілер үміт,Тізілер күдікШашылып шындық далаға.Шапағат жырақ,Махаббат сұрақЖаздан соң қыс кеп қалаға. Түк қалмай бойда,Жүк толды ойғаАрманға сеніп кекілді.Бақытты аңсапУақыт та шаршапКүндерім біткен секілді...                 ***Көзімді шаттықпен жуғанмын,Басымды миллион ой жегенмен.Бекеттің жерінде туғанмын,Дәм татып мейірім дегеннен. Әйелмін.Тағдырдан бұл жазам?Бағына өзгенің жадырар.Абайдың тілінде жыр жазамО, тәңір, басқа арман адыра! Еркемін, өктем де шығармын?Ашуды кейде тез сұлатып.Шәмшінің әніне жыладым,Бір қазақ жігітін ұнатып. Нәзікпін. Тұрандот емеспін,Жарым бар, тірлікте екеумін.Өмірдің мұңдарын жемес кім?Бәрібір бақытты екенмін.        ***ШаршадымШабыт көп азаптап.Бақыт жоқ, мазақ қап.Сен сағымСоңынан кеткенсің.Солайша бақытсыз еткенсің. ШөлдедімБекеттің бал суын ішкім кеп,Басыма сағыныш көшкін кепӨлмедімАлайда.Түсініп келер деп қалайда. ТаңертеңМұңымды маңдайдан өшірем.Кел, ертеңБәрін де кешірем...       ***Өлең!Өмірімнің көркісің,Көкіректің өртісің.Сен болмасаң, не етер ем?Сірә, арманда кетер емТіршіліктен...Тұншығып дем,Өкінішпен кеудемде,Өлмегенмен,Бір шыбықпенҮмітті қуып бір демде.Құштарлығымды көңілде,Адамға иә өміргеЛақтырып отқа таптар ем,Тек шабытты баптар ем.Өлең!Жолыңда- тағдыр,Қолда-еркің,Жан-дүниемнің бесігі,Тәңірдің бастан кесімі.Сен болмасаң не етер ем?Қайғысыз, бақсыз өтер ем...