ВЕРНУТЬСЯ

...Шотан бастаған Адай жасақтарының жүрген жерлері жайрап қалып жатты. Күн бесінге таянғанда қалмақ қолдары бытырап, бөлек-бөлек қаша бастады. Осыны байқаған Шотан қалмақ қолының негізгі бөлігін қоршауға алды. Көп ұзамай қоршаудан оншақты қалмақ жауынгері шығып, жандарын қалдыруды өтініп, жан сауғасын сұрады. Шотан Абылайға қарады. Абылай Шотанға: 

  • Жауды жеңген сіз, билік жеңген адамның қолында болуға тиісті, сондықтан да шешімін өздеріңіз, Ералы сұлтан екеуіңіз аласыздар, біздер сіздердің алған шешімдеріңізге ризамыз,- деді.

                      / Б.Төлеуғалиев, «Бас сардар» кітабынан/  Аш бөрідей түйіліп,Жасың-кәрің жиылып.Қарындасқа қол салдың,Еркелер қасы қиылып.Жан-жақтан нақақ анталап,Екі көзің қанталап.Туған жерімді таптадыңТөсін шүйгін балталап.Айдың күні аманда,Гүлім саған сабан ба?Менің ғазиз даламдыТулақ еттің табанда.Төске өрлеп барасың,Қасқыр-дүлей қарасың.Сенің найзаң өлтірдіАнаның жалғыз баласын.Сәби сенен кем бе екен?Ана сүтін ембегенАру әлі қарап тұр,Шымылдыққа енбеген.Атада үміт қалмады,Сенімнің жоқ салмағы.Мейірімнен жұрдайсың,Аманаты Алланың.Тәңір кінә тағар ма?Машқарда жан аларда,Аспан теріс айналды,Жауыздықтан жанарда.Жетім, жесір елде көп,Сан мәрте аттың пендеге оқ.Ізгілікті күл еттің-Имандылық сенде жоқ.Айтарым жоқ жағымды,Ашу бойда қағынды.Ажалыңмен қауышқын,Быт-шыт етем бағыңды.Сал, қоштасу әніңді,Шығарамын жаныңды.Мынау болат найзамен,Ағызамын қаныңды.Білгің келсе тегімді,Елім –Адай ер үнді,Шотан деп ат берілді.Сен соңғы рет деміңді ал,Мен қайтарам кегімді.Атам - Мұңал, ЖарымынСанамда жоқ сары мұңТәуелсіздік – арманым.Дабылындай адалдың,Әжібайдан бата алдым.Қайырымнан құр қалғанҚарғыс атсын қаталды.  Деп найзасын көтерген,Ойы қашты төтеннен.Иә, иә ....Болмаса?!Қараң батыр, кет елден.Елдік, өрлік тірегі,Жалғыздықта жыр емі.Арқыраған батырдың,Нәп-нәзік-тін жүрегі.Ар-намысы – Құраны,Құраны- оның ұраны.Ал, ұраны  - ізгілікАдамзатпен тұр әлі.                                           Тамыздың 28-і, 2005 жыл,                           Үстірт, Сейсем Ата қорымы.