ВЕРНУТЬСЯ

«...Шотанның жоңғарлармен соғысқанда екі қапталында екі жолбарысының бірге жүріп оқ, басқа да сілтенген қаруларды қағып, дарытпай отыратыны алғаш рет Аңырақай шайқасында Қабанбай батырдың ғана көзіне көрінген-ді. Сол кезден бастап Шотанды – Қабанбай батыр өзінің туған інісінен бетер іш тартып, ағалық құшағын ашып тұратын-ды...».                     /Б.Төлеуғалиев, «Бас сардар» кітабынан/ Ел басына күн туғанда,Сұр жебені тағынып,Жолбарыс тон жамылып,Хас ерлікті сағынып,Кеудесінде күндіз-түн,Намыс деген аң ұлып,Тек тәңірге бағынып.Нағыз ерлер атойлап,Аналардың жасы үшін,Ақ қыраулы шашы үшін,Ерте жерге домалап,Түскен ердің басы үшін,Туған жердің тасы үшін,Қолына найза алады,Ұрандап алға шабады,Атамекен жер үшін,Оған төккен тер үшін.Жоңғар менен қалмаққа,Елдің кегін алмаққаНағыз ерлер шыққан-ды.Соның бірі сен едің,Ер Шотаным, еренім.Бейбіт күн қалып арманда,Жау жан-жақтан алғанда,Ақ ордасы ананыңҚаңырап босап қалғанда.Жан қалқасы ағаныңАңырап жасып жалғанда.Жоғалтқанда жан жарын,Қолына алып қанжарын,Атойға салды хақ ерлер,Соның бірі сен едің.Тастамай туын қолынан,Арландай жауын торыған,Кезіккен дұшпан сау қалмасӨзінің көрсін сорынанБір уыс топырақ соңынан.Талайы естен танды да,Мәңгілікке көз ілді.Ал қалғаны алдыңдаНе істесең де, өзің біл.Кетсе де жағдай ушығыпЖоңғарды қудың, қусырып.Тізесін бүгіп, бас иіп,Жатыр алдыңда аш, ұйып,Ер Шотаным, еренім.Шошынбай Аңырақай зарынан,Жолдасы жолбарыс, жауы-адам.Көзін шел қаптаған, айырылып арынан,Бөтеннің жеріне қол салған дұшпанға ұмтылдың.Жолыңда жатты өліп сұм түрлі,Өрлігің жанардан жасын боп атылды,Бұрын-соң біздің ел білмепті дәл мұндай батылды.Найзағай ұрғанда дір етіп көрмеген,Ғасырлық тасырдан  өлмеген,Далам да көтеріп еңсесін -Сілкінді лақтырып қайғының белшесін.Жалғанға келіп жәй күні, Арманның асып айдынын.Қара бұлттарды қақ жарып,Аспанда анау бақ жанып,Адайдан туып Алашқа болдың әйгілі.Жұлдыздар сансыз жығылып,Жер осалдығын ұғынып,Сапарларына үлгермей,Бақыты әлі тұр келмей,Күй кешті мұндай бар қазақ,Кеудесін керген зар қажап,Сен елім деп өртеніп,Кеудеңді намыстай дерт еміп.Жауыңды жойып жарадың,Адайдың туын қададың.Жеті жұрт келіп, кеткен жер,Үш қиян өрттен өткен жер.Маңғыстау деген мекенде,Бір өзі маңғаз жеке елдей.