ВЕРНУТЬСЯ

Біреу туып, бірдің шіріп сүйегі,Тағдырлары тоғысады талайдың.Неге екенін бұл қаланы сүйеді,Анар деген бір еркесі адайдың. Адай, арғын табылады найман да,Үйсін күлсін, жыламасын шаштылар.Көрінбейді мәнді дүние қайдан да,Бұл қалада ақшалылар – бастылар. Әкімдердің ақ шалмастан самайын,Шіренеді сауық құрып көбірек.Гөзел кеште сағынышты қамайын,Бір жан жүрсін ғашықтықтан еңіреп. Ғашықтығы бірақ оның көбелек,Алматының табиғаты секілді.Қыстың күні жаңбыр жауып, себелеп,Көктем кірмей, құрбақалар секірді.Бұл қаланың ақындары көп емес,Бірінен соң, бірі кетіп бақиға.Өлең деген қиял емес, жоқ елес,Жүрген  жері мереке мен уақиға. Алматының әншілері ұнайды,Тек Шәмші жоқ ән жазатын ғажайып.Бірі озып, бірі шаппай құлайды,Тәңірімнің тартар сыйы азайып. Санасыздың таптырмайды жиі емі,Кедейліктің қиылмай тұр желкесі.Бұл қаланы бәрібір де сүйеді,Анар деген адайдың бір еркесі.                 ***Жақұтын жырдың сыйлаймын,Сөз жетпес сені мақтауға.Алматым, сені қимаймын,Кетейін десем Ақтауға. Ақындарды бәлкім қимаймын,Жыр оқыр Одақ төрінде.Ұмытам төзім жинай мың,Бозбала жігіт өрімдей. Кештерің  ғажап сан қылық,Тартынбас түндер алдаудан.Өгейдей көшіп қаңғырып,Шаршадым пәтер жалдаудан. Қаңғыбас мұңдар, жалғыздық, Сонда да сөз жоқ даттауға.Қимаймын сені,  таңы ізгіКетейін десем Ақтауға...            ***Кешір мені, Алматы,Кей шақтарда жаншылып жаным мүлде,Тек мұңменен атқандай тңым күнде.Егізімдей бауырды сағынғаным,Теңізімді, ауылды сағынғаным –Өлеңіммен жеткізіп шағым елге. Кей кештерде өмірден түңілгенде,Келбетіме өзге әлем үңілгендейАйдалада адасып анашымнан,Шашым сипар табылмай жанашыр жан,Кешігетін шабыт та бүгін келмей. Туған жерге қыз емес, шабақ та асық,Өкініш пен өтініш сабақтасып.Мен өзіңде өзімді өгей көріп,Мінезімді мазасыз сөге беріп,Жылайтынмын жаңбырмен қабаттасып. Кешір мені, Алматы,Сезім сатты, бөлді де түнгі ұйқымды,Сенде тауып жоғалттым мен күлкімді.Жастығымды өткіздім елден жырақ,Өкпелеткен сен емес, пендең бірақ...Кешір мені, Алматы ең сүйкімді!