ВЕРНУТЬСЯ

Тыңдай-тыңдай даусыңды,Құштарлығым құтырып.Төзім тірек таусылды,Сезім сырғып сытылып.Ішімде өрт лапылдап,Сыртым боран сақылдап.Жалғыздықтың жұтынан,Енді қалай құтылам?Тыңдай-тыңдай әніңдіҚазақи мұң кәдімгі.Саған шексіз құмартып,Әлемде жоқ үн артық!Және сендей әнші жоқ,Жан азабым тамшы боп,Ал, сезімім қамшы боп,Өзді-өзімді қинады.Саған деген сағыныш,Тәнге жасап жарылыс,Айылын еш жимады.Тыңдай-тыңдай үніңді,Түнге беріп күнімдіСенсіз өлгім келеді,Тоқтап өмір бүгінгі...        ***Ән салшы,Ауырып жатырмын.Бауырым,Бір тескен қазақтың жатырын.ДидарыңДаусыңа қаратқан.Ризамын,Тәңірге бір елде жаратқан.Ән салшы,Өтінем,Ауырып қалғаным...Кешіп ең,БауырымҚызығын жалғанның.ЖүргеніңӨзіңе жарасқан.Күлгенің...Көзіңе көктегі ай таласқан.Ән салшы,«Жайлаукөл кештерін».Тәнде –дерт,Жүрек –мұң...Білмеймін, не істермін?!Ақ жүзің саналы-ақ,Елтісін қала, бақ.Даусыңа тас жібіп,Ән салшы, жас жігіт...