ВЕРНУТЬСЯ

Венгр жері суы көп,Даласы егін, нуы көк.Кәрі Дунай зулайды,Берекені қумайды. Ғимараттар ғасырдан,Ғасырларға асылған.«Ио напот» деп таңдарда,Оятады жандарды. Болашаққа асыққан,Кеудесінде тасып қан,Шамдар сөнбей сыр тізген,Кештерде һәм күндізде. Халық ұлы алаңда,Ескерткіш боп қаланған.Орталықтар жасанған,Гүл жұмақтай жас арман. Жұлдыздары жымыңдап,Аспанында мұңым қап,Келем жалғыз жабығып,Бір қазақты сағынып,Венгр жері жәйімді ұқ...