ВЕРНУТЬСЯ

Сезімім жанарымда жағыла мыңБір жүрген сол күндерді сағынамын.Көңілде қуаныштан мұңым басымСен неге көрінбейсің табынарым? Жүректе өлең жанды оқылмағанТілекпен кестем қалды тоқылмаған.Күндерім күтуменен өтеді ме?Арманның алтын шыңды етегінде. Қырқада бір қыдырған күлкім қалды,Сағыныш сартап болған ұйқымды алды.Жыр-жансыз, жасқа малып жазғанмененСен неге оралмайсың қаздарменен?               ***Өмірімді ойран етіп,Көңіліңнен сайран кетіпСені сүйгенім үшінМені сүйгенің үшінКешір. Сал күндерді қалдырып,Бал түндерде жандырыпСені іздегенім үшінҮміт үзбегенің үшінМені кешір. Жастықтың жамалындаҚан құшып қаламым даӘнімді арнағаным үшінЖаныңда қалмағаным үшінМені кешір. Тірліктің тосқауылындаТосылдың жасқа малына,Көз көрмей жоғалғаныңдыӨзгеге оралғаныңдыКешірмен.