ВЕРНУТЬСЯ

Талқан болып қамалдай тірегім де,Етім өліп, күш бітті сүйегімде.Өмір сүру мен үшін қиын боп тұр,Мұңнан басқа дым да жоқ жүрегімде. Үміт, арман?Ондай жоқ жүрегімде,Содан оңай жылаймын, күлемін де.Білте шамдай білінбей сөніп барам,Маңғыстауым, қолданшы бір еміңді! Шындық таппай, шегіндім шаршағаннан,Сауға сұрап, сарылдым қанша жаннан?Алауыздық жайлады айналамда,Бірлікті құр не шығар аңсағаннан?    Бақыт емес, ақтық сәт тосам алдан,Ұйқастырып өлеңмен ,,Қош, аманды,,.Маңғыстауым қумашы құшағыңнан,Тудым, өстім, өлейін босағаңда!!!