ВЕРНУТЬСЯ

Туған жерім шақырып қоңырлардан,Талпынамын жандай бір бағы ашылған.Онда - әлемдік мейірім шоғырланған,Онда - менің сүйікті анашым бар. Түгі де жоқ қызығар жалпақ дала -Әр жерде бір бәйшешек қылтияды.Сағынышым жүрекке салмақ қана,Шын махаббат тереңде бұлқынады. Құмды дала жәйін жұрт біле ме екен?Соқса асау жел таңданба бұл тосынға.Еркелікке  келтелік  жүре ме екен?Нағыз достар ұнатқан  ол да осында. Батасы бар мұнда өсіп, үйленгеннің,Таң шапаққа сәріде шығып қара.Мен сүюді  даламда  үйренгенмін,Ал, жылатып  жүрген ол  бұзық қала. Кей  адамның  дұшпанын  білгенімен,Далам  жұртқа  жаяды шапағатын.Мені  Алматы ғашық қып жүргенімен,Маңғыстауым -  өзіңсің махаббатым!