ВЕРНУТЬСЯ

                                               “…Түрік аруының бір меңіне                                        Самарқант пен Бұхараны берер ем… ,,                                                                 Хафиз Көкте  тәңір айналғандай сараңға,Мәні  өмірдің  минуттарға тұр сыйып.Аппақ сезім лайланып харамғаМен  бақытты таба алмадым құр сүйіп. Көлеңкемді құша бердім тіреу деп,Өкпем сыймай, өзді-өзіммен егестім.Шаһар* түгіл, баһор** сыйлар біреу жоқ,Бәлкім, мен де түрік қызы емеспін. Махаббатым  мазақ болып түндергеЖасым менің у біткеннен ащырақ.Өлеңімді  әлің келмей күндеугеҚарт  қызғаныш, бұл шаһардан қаш жырақ.________________________ *Шаһар – парсыша қала **Баһор  - көктем Сосын  мен де бұл қаладан кетермін,Бәрін  қойшы, момақан күн бермеген.Шабытымды  бірде жарқын етермін,Зілзаладай  бойын  ашу кернеген. Иранға ма, тіпті одан да әрігеСәтсіздіктің көбін мұнда қалдырып.Үмітпенен оянар ем сәріде,Сағынышты соқпақ жырдан салдырып. Көзім жұмбай Ай қалпағын түргенше,Күнді күтіп салмақтанып, сылтыған.Бір шаһарда тұрып іздеп жүргеншеКөк теңіздің аржағынан ұмтылам…