ВЕРНУТЬСЯ

Мен –ақынмын, періштемін, ендеше,Сенбегендер өзі білсін, сенбесе.Адамға да, Аллаға да аян ғой,Өмір сүре алмайтыным пендеше...                                                   И.Сапарбай  Мен –ақынмын, жақсам да, жақпасам да,Сараң тағдыр қиятын сыйың бар ма?Асыл тастан  алқасын тақпасам даБиік күліп жүремін жиындарда. Мен - ақынмын, жанарым нұрлы менің,Жанарыммен көп мұңды күредім мен.Сай, төбесін даламның түрлі белін,Бәрін өліп сүйемін жүрегіммен. Мен – нәзікпін, жылауық баламын мен,Сатқындықты, қастықты көтермеспін.Опасызға көп қазам қаламыммен,Менен зиян шекпейді бекерге ешкім. Мен-ақынмын, Қадырдың қарындасы,Менің жырым өлшенбес көлемімен.Бақытым да, байлығым, барым да осы-Қара өлеңмен бір күні өлемін мен.