Самға қарай самғасам ғой сағыммен,Енді ешқашан оралмасам қалаға.Ермесем ғой сайқал жемқор ағымға,Көрмесем ғой адамдарды алаған. Самға жетсем араласып желменен,Құмға көміп бар аяулы сезімді.Махаббатқа қолды бір-ақ сермер ем,Қадірімді білмей жүрген кезіңде. Тыныштықтың тәтті дәмін татсам ғой,Шабытыма шырқыраған түн ие.Ешкім көрмей, дымды білмей жатсам ғой,Дағдарыстан дал болса да дүние! ***Сам құмы сағындым шаңыңды,Балалық шағымды бал үнді.Ертегін әжемнің нанымды,Сен жайлы тақпақты жалынды. Кезсем де, көрсем де өлке көп,Дәл сендей сүймедім шағылды.Күлмедім, жүрмедім еркелеп,Іздеп те көрмедім бағымды. Сам құмы сағындым төбеңді,Ой-қырды ізіндей түйеңнің.Сезгенім, сенгенім көп енді,Айтарым - өзіңді сүйемін.Сам құмы сағындым сазыңды,Жазыңды, көктем мен күзіңді.Жанарды жайсаң жүз, наз үндіОн алты жасында үзілген. Мелшиіп сырыңа бекемсің,Не ойлап жатырсың бүгін сен?Сен мені таныр ма екенсің,Құмыңда құлындай жүгірсем?!
- 199 просмотров